« Қазпочта » АҚ — кеңестік кезеңнен кейінгі серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтитын, қалалар мен ауылды аймақтарда пошталық, қаржылық және логистикалық сапалы толық қызметтер көрсететін, Қазақстан Республикасының пошта байланысының ұлттық операторы.
Еліміздегі пошта қызметі саласындағы ең ірі компания – «Қазпошта» АҚ өзгерістер мен жаңару кезеңін бастан өткеріп жатыр. Қалың қазақтың мол шоғырланған ортасы ауылда пошта және қаржылық қызмет көрсететін жалғыз компания да осы – «Қазпошта». Сондықтан, бұл компанияның әр басқан тұтынушылар назарында болатыны жасырын емес.
«Қазпошта» АҚ — Қазақстанның Ұлттық пошта операторы — ұлттық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады. «Қазпошта» АҚ почталық, қаржылық, брокерлік, агенттік, электрондық қызметтердің үлкен спектрін ұсынады. «Қазпошта» АҚ иелігінде Қазақстанның, әсіресе аудандық және ауылдық жер деңгейінде іс жүзінде бүкіл аумағын қамтитын, елдегі ең ауқымды филиалдық желі бар. Пошта желісі бизнес және халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті, қаржылық қызметтерді алға жылжыту үшін тиімді құрал болып табылады. «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында баршаға қолжетімді қызметтерді көрсете отырып, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жауапкершілікте болады. Қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуға деген өз жауапкершілігін түсіне отырып, «Қазпошта» АҚ барлық мүдделі тұлғамен әлеуметтік жағынан жауапты өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттемені қабылдайды. Компания елдің ең шалғайдағы елді мекендерінде қызмет көрсететіні және қалыптасқан жағдайларда почта байланысы бөлімшелері ауылдағы экономикалық белсенділік орталығы ретінде көріне алатыны «Қазпошта» АҚ артықшылығы болып табылады, ол үшін «Қазпошта» АҚ басшылығы бар күш-жігерін салады.
Компанияда жаңғырту және қызметтерді сапалы ұсынуға өту процесі белсенді жүріп жатыр, бұл қызмет көрсетудің жақсаруын ғана емес, пошта желісінің техникалық, операциялық, технологиялық, ақпараттық жаңаруын да білдіреді. «Қазпошта» АҚ үкіметтік бағдарламаларда және «Самұрық-Қазына» АҚ даму жобаларында өзінің қатысуын кеңейтуге бағытталған бастамаларды қолдайды. «Қазпошта» АҚ дамыту мүддесі алға қойылған міндеттерге айрықша жауапкершілікпен қарауды міндеттейтін, ең жоғары мемлекеттік деңгейде көрініс тауып отыр.
Өздеріңіз білетіндей, ауылдық жерлерде «Қазпоштадан» басқа пошталық, курьерлік компаниялар мен банктер қаржылық әрі пошталық қызмет көрсетпейді. Ауыл үшін зейнетақы мен жәрдемақы беретін орталық, газет-журнал жеткізуші, хат-хабар, сәлемдеме жіберу-алуда «Қазпошта» – қала мен ауылды жалғап тұрған көпір.
Пошташылар нарық талабы мен клиенттердің мұқтаждарына тез бейімделуге, ұсынылатын қызметі аясында кеңейтуге мүмкіндік беретін және жұмыс сапасын жақсартатын жаңа технологиялардың артықшылығын сезінді. Мәселен, электронды тасмал мен қағаз бетіне шығарылып тасымалданатын ақпаратты біріктеретін аралас пошта енгізілді. “EMS Kazpost» — қолма-қол, үйге жедел жеткізіп берумен айналысады.
Қазіргі таңда пошта байланысы «Пошта туралы» Заңға сәйкес дамуға бағыт алған. Облыстардағы құрылымдық бөлімшелердің жұмыс тиімділігі өсу үстінде. Пошта бөлімшелерінде өзіңізге қажетті қызмет түрлерінің бәрін аласыз. Осылайша, пошта саласы дәстүрлі қызмет түрлерінен басқа қаржы-валюталық операцияларды жүзеге асырады. Депозит ашу, келісімшарттарды іске асыру, клиент тартуда агенттік қызметтерді ұсыну, жеке және мемлекеттік органдардан салыққа және де басқа төлемдер, жалақы, зейнетақы тәрізді қаржы операциялары осында жүзеге асырылады. Қазіргі таңда зейнеткерлермен қатар бджеттік мекемелер қызметкерлері өз жалақысын картамен алады. Мемлекеттік қолдау есебінен салық түрлерін комиссиясыз қабылдайды. Қазпоштаның кез келген бөлімшесінен 3 банктің кредиттік несиесін рәсімдей аласыз.
Компанияда пошта жіберілімдерін бақылау мүмкіндігіне ие «Post.kz» сайты бар. Егер сіз онлайн –сауданы таңдасаңыз, онда виртуалдық картаны осы сайтта ресімдеуге мүмкіндік бар. Ол тегін ашылады. Оны интернет арқылы тауарларды қауіпсіз сатып алуға пайдалануға болады. Курьерлік жұмыс та жандана түскен.
Соңғы кездері газет-журналға жазылу басқа да сәлемдеме жеткізу түрі артқан. Сондықтан да, курьерлік қызмет түрі жанданып отыр. Бұрынғыдай басылымдарды үйге жаздыртып оқитын оқырмандар жоққа тән. Бұған себеп әлеуметтік желілердің өзіндік ықпалы болар деп өзімізше топшыладық.
Қазпошта» АҚ өзінің өнім желісін кеңейтеді және сізге «Пошталық» депозитімен бірге өз жинақтауларыңызды сақтауды және көбейтуді ұсынады!
Шарттары:
Салым сомасы: 1000 теңгеден бастап
Салым мерзімі: 1, 3, 6, 12, 24, 36 ай
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 14%-ға дейін.
Толықтыру және кемімейтін қалдық сомасына дейін бөлшектеп шешіп алу мүмкіндігі Қазпоштаның кез-келген бөлімшесінде ашуға қолжетімді!Қауіпсіз және тұрақты болашақ — өзініздің қолыңызда! «Пошталық» депозитін ашып, ертеңгі күнге деген сенімділікке ие болыңыз!
Жеке тұлғалар үшін «Пошта» мерзімді салымы
Мерзімі 1, 3, 6, 12, 24, 36 ай
Валюта Теңге
Салымның ең аз сомасы (төмендетілмейтін қалдық) 1 000 теңге
Салымның ең жоғары сомасы (қосымша жарналарды ескере отырып) Белгіленбеген, бірақ қоғаммен шектелуі мүмкін
Қосымша жарналардың ең аз сомасы 1 000 теңге
Қосымша жарналардың ең жоғары сомасы Белгіленбеген, бірақ қоғаммен шектелуі мүмкін
Ішінара алудың ең аз сомасы Шектеу жоқ
Ішінара алудың ең жоғары сомасы Төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін
Кезең сыйақы есептеу Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінде
Сыйақы төлеу Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінде
Мерзімінен бұрын бұзылған кезде сыйақы төлеу Бұрын төленген сыйақыны шегергендегі талап етілгенге дейінгі мөлшерлеме бойынша
Салымды төлеу мерзімі Салымшының талабы түскен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей.
Ұзарту Қарастырылмаған
Ерекше шарттар Егер салымның қолданылу мерзімі аяқталған күн демалыс немесе мереке күніне түсетін болса, онда салымды қайтаруды және сыйақы төлеуді Қоғам келесі жұмыскерге жүзеге асырады.
Сыйақы мөлшерлемелері
Кезең 1 ай 3 ай 6 ай 12 ай 24 ай 36 ай
Сыйақы мөлшерлемесі,
жылдық % — да 14 14 13 13 12 12
«Талап етілгенге дейін» бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Теңге Жылдық 0,0 %
Ауыз толтырып айтарлықтай жобаларды сәтті жүзеге асырып отырған Шымкент қаласының пошта байланысы қызметінің тұрақты клиенттері саны да өсіп келе жатыр. Бұл саладағы қол жеткізген жетістіктердің бәрі де осында қызмет ететін әрбір қызметкердің маңдай тері мен кәсіптік шеберлігінің арқасында іске асып жатқандығында дау жоқ. Күндіз демей, түн демей, жауын-шашынға қарамай қажетті жерге , өз уақытында пошталық жөнелтімді жеткізіп, сапалы қызмет көрсетіп отырған пошта халыққа сапалы, мінсіз қызметтеріміз толағай табысты болсын!