Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады

21 февраля, 2023
in Қазақстан
0
ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады
0
SHARES
62
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасады
2023 жылғы 22-23 ақпанда «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері» форматындағы іс-шаралар шеңберінде «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарын аралайды.
22 ақпанда Шымкент қаласы білім басқармасының мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (тірек-қозғалыс функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) №17 «Достық» балабақшасының және мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) (психикалық дамуы шектеулі балаларға арналған) №37 «Айгерім» балабақшасының және «Bambini-Монтессори» бөбекжай балабақшасының жұмысымен танысады.
23 ақпан күні №56 «Тұлпар» мемлекеттік бөбекжай бақшасында дөңгелек үстел өтеді деп жоспарланған. Оған «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері және Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысады. Дөңгелек үстел аясында «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева балабақшаның атқаратын қызметі, оқытудың инновациялық әдістері, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталады. «Қарлығаш» балабақшасының №1 нысанының меңгерушісі Нұрғайша Сағиджанова мен стратегиялық дамыту және инновациялар секторының меңгерушісі Құралай Түсіпова шеберлік сағатын өткізіп, «Қарлығаш» балабақшасының инновациялық әдіс-тәсілдерімен, тәрбиені ұйымдастыруда қолданылатын тиімді тәжірибелермен бөлісетін болады.
Өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарымен кездесудің басты мақсаты – «Қарлығаш» балабақшасында қолданылатын инновациялық методикалармен таныстыру, озық педагогикалық тәжірибемен бөлісу.
«Қарлығаш» балабақшасы ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде еліміздің өзге де өңірлерінде өткізуді жоспарлап отыр.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАРДЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДЕ "QAMQOR" БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ.

Келесі жаңалық

«Рухтастар» партиясының сенімді өкілдерімен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі