Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Қазақстан

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

28 марта, 2023
in Қазақстан
0
ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
0
SHARES
175
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жасалған келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болғанда жағдайы ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ортақ келісім өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, ауруларды алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасуды көздейді.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Медициналық орталығының бастамасы мен Меморандумға қол қою алдағы уақытта өңірдің медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті.
Өз кезегінде, Медициналық орталығының басшысы ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ғасырға жуық – 90 жылдан астам уақыт еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің ірі мекемесіне айналғанын айтты.
«Біз білім берумен, ғылыми зерттеулермен, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізумен, сондай-ақ республиканың денсаулық сақтау саласына инновациялық әдістерді іздеумен және енгізумен байланысты көптеген жобалармен айналысамыз. Соңғы үш жылдың өзінде ауруханалардың мамандары 150-ден астам жаңа технологияны республиканың медицина тәжірибесіне еңгізген алғашқылардың бірі болуда. Медициналық орталықтың ұйымдары облыстардың азаматтарына түрлі медициналық көмек, емдеу-сауықтыру және оңалту қызметтерін көрсетті. Біз бұдан әрі өңірдің тұрғындарына практикалық медициналық көмек көрсетуді арттыруды жоспарлап отырмыз», – деді өз сөзінде ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой.
Медициналық орталықтың 35 жетекші маманы (нейрохирургтер, кардиохирургтер, аритмологтар, онкохирургтер және т.б.) «ҚР ПІБ Медициналық орталығы күндері» аясында Ақмола облысына өз жұмыстарын таныстыруда. Дәрігерлер делегациясы қала тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Алдыңғы пост

AMANAT ПАРТИЯСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН ТАЗА, ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ОРНАТУДЫ КӨЗДЕЙДІ

Келесі жаңалық

Бүгін Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының мүшелері жаңадан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарымен кездесті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі