Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Таным

ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

25 мая, 2023
in Таным
0
ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Онда 5 жылға арналған үшінші мегаполисті дамытудың Жол картасы талқыланып, бекітілді.

Саяси Кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанаты, партияластар мен БАҚ өкілдері қатысқан мәжілісті қалалық филиал және мәслихат төрағасы НАРЫМБЕТОВ Бахадыр Мәдәліұлы ашып, жүргізді.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы 4 басымдық, 100 тармақ пен 452 іс-шарадан тұрады.
Жол картасы – бұл сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағы бойынша көрсеткіштерді, мерзімін және орындаушылары көрсетілген нақты іс-қимыл жоспары.
Келелі бас қосуда партия филиалының төрағасы алдағы міндеттердің бірі сайлауда берген уәделердің іске асырылуы екенін атап өтті.
«Бағдарламада қаланы дамытудағы өзекті мәселелердің шешілу жолдары белгіленіп, бірнеше бағытқа топтастырылған. Оны іс жүзінде тиімді іске асыру үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, 452 іс-шарадан тұратын құжатта Сайлауалды бағдарламада аталған барлық іс-шаралар мен көрсеткіштер ескерілген және әр жылға бөлінген. Аталған Жол картасы барлық мемлекеттік органдармен келісілген, халықтың талап – тілегі ескерілген»,- деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Жол картасына сәйкес, қаламызда 2027 жылдың соңына дейін 5,5 миллион ш.м. тұрғын үй салынады, 90 мың жұмыс орны ашылады, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 230 мың адамнан асады, жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2%-ға дейін төмендеп, 18 медициналық мекемелер, перзентхана және көпбейінді аурухана ашылады, 50 мектеп пен 10 қосымша ғимараттар салынады. Сондай-ақ, партия қала тұрғындарының 100% таза ауыз суға, сапалы электр энергиясына, табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етеді деген жоспарымыз бар.
Жиында Жол картасын іске асыру жөнінде алда бірлесе атқарылатын жұмыстар айқындалып, күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты нақты қаулылар қабылданды.

Алдыңғы пост

«Тарихтан тағылым» әлеуметтік жобасы аясында форум өтті

Келесі жаңалық

ЖАСТАР МУЗЕЙГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі