Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Арыстағы ауылдар дамытылып жатыр

22 мая, 2024
in Uncategorized
0
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: Арыстағы ауылдар дамытылып жатыр
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жолдарға асфальт жабындысы төселіп жатыр. Арыста «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдардың ажары ашылуда. Арыс қаласында «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында игілікті істер атқарылуда. Аталған бағдарлама шеңберінде Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылдық округінде жолдарға асфальт жабындысы төселіп жатыр. «Қазіргі уақытта Жиделіде табиғи газ кіргізу және ауылішілік жолдар салу қарқынды жүруде. Бұл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асуда. Жаңа жолдардың салынуы тұрғындар үшін де жағымды жаңалық болды» дейді Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қазыбек Ақылбай. Өткен жылы Жиделіде 3 көшеге асфальт төселіп, аяқжол мен жарықшамдар орнатылса, биыл қалған 5 көшеге жолдар салынуда. Айта кетейік, биыл жергілікті бюджет есебінен қала көлемінде 9 көшеге асфальт төсеу және 25 шақырым жолға тас төсеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында үш елді мекенде орналасқан 13 көшеге жол салу көзделіп отыр.
Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 166 елді мекенде 352 жоба іске асырылып, 31,3 млрд. теңге игерілді. Нәтижесінде 297 жоба пайдалануға тапсырылды. Ал биыл 165 жоба іске асырылады. Бұл мақсатқа жалпы 25,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 107-сі – жаңа жобалар.
Аталған жоба Түлкібас ауданының инфрақұрылымын жақсартуға да серпін беріп жатыр. Соңғы 2 жылда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселе шешімін тауып келеді.
Мәселең, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендеріне заманауи жаңа медициналық тіректер соғылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Заманауи медициналық тіректе жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар бұнымен тоқтап қалмай, елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында биыл аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін 15 елді мекеннің 4-не заманауи жаңа нысан соғу жұмыстары жалғасын таппақ. Олар – Абайыл, Тастыбұлақ, Мақталы және Шақпақ баба елді мекендері.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Қазығұртта футбол алаңы ашылды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «Қаламқас» пластикалық драмалық қойылымының премьерасы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі