Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 2024 жылы 118,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: 2024 жылы 118,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

74,1 мың адамға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Түркістан облысында 2024 жылы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бойынша 118,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл Түркістан облысында жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүргізілуде. Оған қоса, 2024 жылы 140,2 мың тұрғынды жұмыспен қамту шараларын іске асыру қолға алынуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орнын ашу көзделуде. Ал, өңірлік карта аясында 74,1 мың адамға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Бүгінде Өңірлік карта бойынша 45 197 жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 15 289 орын тұрақты. Бұл ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бағдарламасы арқылы 4 345 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Ұлттық жобалар бойынша 3671 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 87 жоба арқылы 610 жұмыс орны ашылды. Жалпы облыс көлемінде 43,3 мың адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінде 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Ал, 43,2 мың адамды уақытша жұмыс орындарына жолдау көзделіп, нақты 20,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарына орналасты. Айта кетейік, Түркістан облысында кәсіпкерлікке бірқатар қолдаулар көрсетіліп келеді. Оған дәлел 2024 жылы 7,2 мың адамға кәсіпкерлік бастамаларына грант және шағын несие беру жұмыстары қарастырылуда. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы азаматтар арасынан 1 793 адамға бизнес-идеясын дамытуға гранттар беру, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жаңа жұмыс орындарын ашу, 621 жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 5 млн. теңге жеңілдетілген шағын несие беру көзделуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.Облыс әкімінің шешімімен биыл 13 ақпанда «Өңірдің жұмыспен қамту картасы» бекітілген болатын. Биылғы 1 сәуірге дейін өңірлік карта аясында жалпы 38 433 жұмыс орны (11 884 орын тұрақты, 26 549-ы уақытша) ашылды. Оның ішінде 3 201 тұрақты жұмыс орны «10 мың тұрғынға 100 орын» бағдарламасы бойынша ашылды. Сонымен қатар, ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар негізінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобалар бойынша «Электрондық еңбек биржасы» арқылы 3 671 жұмыс орнын ашу жоспарланып, нақты 46 жоба бойынша 172 жұмыс орны іске қосылды. 139 адамға электрондық еңбек келісімшарты түзіліп, 59 адамға зейнетақы аударымдары төленген.

ҚР «Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес биыл облыста бос және жаңа жұмыс орындарына 43 250 адамды жолдау көзделген-ді. Осы мерзім ішінде нақты 8 611 адам тұрақты жұмысқа жолданып, оның 85%-ына зейнетақы аударылды, 90%-ымен электрондық еңбек келісімшарты түзілген. Субсидияланған жұмыс орындарына жалпы 26 504 адам қатысуда, оның ішінде 15 556-сы жаңадан жолданса, 10 948 адам 2023 жылдан өтпелі. Жылдық жоспар 63%-ға орындалған.

Жаңадан жолданған азаматтардың арасында 10 859 адамға немесе 70%-ына міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) аударылып, 15 073 адаммен (97%) электрондық еңбек келісімшарты түзілген.

Биыл 21 295 жұмыссызды кәсіптік және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, өткен қаңтар, ақпан айларында нақты 2 675 адам (1 240 адам онлайн, 1 435 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша) оқыды. Әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін жаңа бизнес-идеясын дамытуға 1 793 адамға грант беру көзделген болатын. Гранттарды 2 лек шеңберінде беру жоспарланып, алғашқы легі бойынша өтінімдерді қабылдау 8 сәуірде басталды. Жас кәсіпкерлерге жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру мәселесі қолға алынғаны белгілі. Осы орайда 621 адамға 3 105 млн. теңгенің шағын несиесін беру жоспарланды.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жұмыс орнын ашу жоспарланып, оның ішінде 1 600 адам шағын несие алса, олардың есебінен құрылған кооперативтерге 1 724 адам жұмысқа орналасады. 1 479 адам жоба іске асырылатын ауылдардағы бос жұмыс орындарына жолданады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: «Қаламқас» пластикалық драмалық қойылымының премьерасы өтті

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Отырарда «музей түні» аясында тарихи-танымдық кеш өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі