Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Туризм саласын дамыту мақсатында 44 жоба іске асырылады

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Туризм саласын дамыту мақсатында 44 жоба іске асырылады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

17,6 млрд теңгеге 19 жобаның іске қосылуы күтілуде. Биыл Түркістанның туризм саласын дамыту мақсатында 44 жоба іске асырылады. Түркістан өңірінің туристерге қолжетімділігін және жайлылығын арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Былтыр туристік жолдарды жақсарту үшін 10,6 млрд теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл туристік жолдар бойынша 17,6 млрд теңгеге 19 жобаның іске қосылуы күтілуде. Өткен жылы облыстың туризм саласына 53,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 25 нысан қолданысқа беріліп, 366 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде тұрақты – 167, уақытша – 199. Биыл 20 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осы арқылы 473 жаңа жұмыс орны ашылады. Туристерге қосымша өнімдерді ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Соның бірі Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда. Жоба құны 5,5 млрд теңге. Ал аумағы 2,5 гектар. 25 архитектуралық нысаннан тұратын кешенде қонақүйлер, сауда нүктелері, қолөнер шеберханалары мен дүкендері қамтылған. Ірі жобалар қатарында Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын бюджет есебінен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Түркістан қаласында аумағы 11,8 гектар жерге аквапарк, вилла аймақтары қамтылған бес жұлдызды қонақүй салу жоспарлануда. Жоба құны – 190 млн АҚШ доллары. Бұл бағытта инвесторлармен келіссөздер жалғасады. Ұлттық спорт түрлеріне шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан Түркістанда ұлттық ойындарды және туризмді дамыту мақсатында 99,3 гектар аумаққа «Ипподром» нысаны салынады деп жоспарлануда.Түркістан облысының құрылғанына бес жылдан енді ғана асса да, туристер мекеніне айналып үлгерді. Былтыр облысқа келген туристер саны 560 мыңнан асқан. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға артқан. Ал біркүндік келушілер саны 1 миллион адамға жуықтады. Орналастыру орындарында қызмет көрсетілгендер 272,9 мың адамды құрап 7,6%-ға артқан. 2022 жылы – 253,4 мың адам. Ал емдік сауықтыру орындарында қызмет көрсетілгендер 163,3 мың адамды құрап 14,6%-ға артқан. 2022 жылы – 142,4 мың адам.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: Отырарда «музей түні» аясында тарихи-танымдық кеш өтті

Келесі жаңалық

Түркістанда республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі