Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Түркістанда агроөнеркәсіпті дамыту жолдары талқыланды

22 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Түркістанда агроөнеркәсіпті дамыту жолдары талқыланды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенаторлар көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылармен бірге Үкіметтің атына жіберілетін бірқатар ұсынымдар әзірледі. Түркістан облысында «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өтті. Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысында «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов отырыс барысында салаға кеетін инновация туралы хабардар етті. Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары Ерболат Ибрайханов су ресурстары саласындағы проблемаларды шешу туралы айтып берді. Сондай-ақ, сауда және интеграция министрінің орынбасары Айдар Әбілдабеков АӨК саласындағы өндірісті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау қарқыны туралы баяндама жасады. Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы баяндама жасады. Сенаторлар көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылармен бірге Үкіметтің атына жіберілетін бірқатар ұсынымдар әзірледі.
Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізді. Сенаторлар еліміздің Оңтүстік өңірлерінің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады. Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысында «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді. Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына агроөнеркәсіп секторындағы өндіріс көлемін 70%-ға өсіру міндетін алға қойғанын атап өтті. «Бірінші кезекте ауыл шаруашылығын еш кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау қажет. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен сапасын арттыру үшін жер мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша тиімді жағдайлар, инновациялық технология мен жабдықтар қажет», — деді сенатор Әли Бектаев. Сенат депутаты Сәкен Арубаев өз кезегінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласының даму деңгейінің төмендігін атап өтті. Ескірген технология, жердің құнарлылығының нашарлығы, минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланбау оған басты себеп болып отыр. «Сонымен қатар, тұқым шаруашылығы саласында да проблема бар. Мысалы, Қазақстандағы жоғары тұқымның үлесі 0,8%, ал элиталық тұқымның үлесі 7,1%-ды құрайды. Бұл көрші Ресейге қарағанда едәуір төмен. Демек, дәнді дақылға арналған тұқымның 40%-ын және көкөніс пен жеміс-жидекке арналған тұқымның 100%-ын импорттан алуға тура келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау деңгейі де төмен. Тиімді сақталатын өнім көлемі 900 мың тоннаны құрайды, бұл азық-түлік бағасына және олардың қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етеді», — деді сенатор Арубаев.

Алдыңғы пост

Түркістандық депутат пен профессор халықаралық сайыста чемпион атанды

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі