Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: Жетісайда мерекелік мәдени іс-шара өтті

22 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: Жетісайда мерекелік мәдени іс-шара өтті
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бөлім басшысының алғыс хаттарын табыстап, сый-сияпат жасады. Жетісайда Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні аталып өтті. Елімізде «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыруда мәдениет саласы қызметкерлерінің маңызы зор. Осы ретте «21-мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күні» мерекесіне орай аудандық «Жетісай» мәдениет үйінде арнайы іс-шара өтті. Шараға ауданға қарасты қала, кент пен ауылдық округтерде орналасқан мәдениет үйлерінің, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының қызметкерлері қатысты. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев мәдениет саласының мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, ауданның мәдениет және өнер саласының дамуына сүбелі үлесін қосқан бірқатар мамандарына аудан әкімі Серік Мамытов пен облыстық кәсіподақ ұйымының, бөлім басшысының алғыс хаттарын табыстап, сый-сияпат жасады. Ұлттық мәдениеттің халықтың бет бейнесі екендігін паш ете отырып құндылықтарымызды насихаттау, жас таланттарға сахна өнерін игертіп, аға буын өнерпаздардан өнеге алуына жағдай жасау, ата-бабадан мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан мәдениетіміздің майталмандарының төл мерекесін тиісті дәрежеде атап өту мақсатында өткен шарада жергілікті өнерпаздар әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі. Көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Елімізде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері аталып келеді.

Бұл – шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі және әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.Мәдениет — ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым. Себебі әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт — дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды.

Алдыңғы пост

Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізілуде

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Республикалық экоакция Қазығұртта жалғасты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі