Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

КЕЛЕС: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

23 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
КЕЛЕС: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданында 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті. Салтанатты шараның алғы сөзін сөйлеген Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. Сондай-ақ, бір топ мәдениет қызметкерлерін және мәдениет жанашырларын алғыс хатпен марапаттады.
– Бұл мереке, ауданымыздың рухани дамуына және мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген, шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн. Халыққа үздік мәдени қызмет көрсетіп жүрген мәдениет қызметкерлері мен сала ардагерлерін әрдайым мақтан етеміз. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – мұражай, кітапхана, театр, филармония, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, жалпы өнер сүйер қауымның шығармашылық мерекесі. Барлық мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар – Сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері. Еңбексүйгіштіктеріңіздің және шығармашылықтарыңыздың арқасында өңіріміздің мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді. Осы салада аянбай еңбек етіп, халықтың көңілінен шығып жүрген Сіздерге деген алғысымыз шексіз, — деді аудан әкімі.
«Мәдениетім – өренім» атты мерекелік шара барысыаудандық мәдениет үйінің жанынан құралған «Күлкі терапиясы» театры түрлі қойылымдарды сомдап, жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасын тапты. Айта кетейік, Президент Жарлығына сәйкес 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні деп бекітілген болатын. Содан бері Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкері кәсіби мерекесін дәл осы күні атап өтеді. Елімізде 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні болып бекітіліп, кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері атап өтіліп келеді.21 мамыр – еліміздегі осы салада қызмет істеп жүрген барша адамдарға құрмет көрсетіп, елеулі еңбектерін лайықты бағалайтын күн. Жалпы еліміздегі мәдениет ұйымдарының құрамына қандай мекемелер мен ұжымдар, бірлестіктер кіреді? Бұл сұраққа жауапты «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 Заңынан табамыз: «Мәдениет ұйымдарына мыналар жатады: театрлар; концерттік ұйымдар (филармониялар); цирктер; кинематографиялық ұйымдар; кітапханалар; музейлер; мәдени-демалыс ұйымдары; көркемөнер галереялары (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеу орталықтары (зерттеу институттары); реставрациялау орталықтары; музей-қорықтар; Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы; мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары.» Осы тізімге көз жіберген адам мемлекетіміздегі мәдениет саласының қаншалықты ауқымды екенін анық сезінері сөзсіз.Ел ауқымында жыл бойы, аптаның жеті күнінде түрлі аудиторияларда, кітапханалар мен музейлерде, мәдениет сарайларында, алып стадиондар мен қала алаңдарында үздіксіз өтіп жататын сан түрлі мазмұндағы, ірілі-ұсақты, алуан сипат-көріністі мәдени іс-шараларды, концерттер мен қойылымдарды, көрмелер шығармашылық кештерді, кездесулерді, отандық, шетелдік қонақтардың қатысуымен жүрілетін ауқымды мегафестивальдар мен галаконцерттерді, т.б. белгіленген уақытында, асқан жауапкершілікпен, көпшіліктің көңілінен шығатындай тап-тұйнақтай атқарып шығу – мәдениет саласы қызметкерлерінің әдепкі жұмысы, сан-салалы қызметінің бір сәті ғана. Мұның бәрі айтуға ғана оңай. Оның артында басшылықтың ұйымдастырушылық қызметінен, қызметкердің орындаушылық жауапкершілігіне дейінгі қаншама күш-жігер, төгілер тер жатыр. Шетелдік ресми мәртебелі қонақтар мен шекара аттаған туристердің ең алдымен көз тоқтатып, мән беретіні – елдің визит картасы іспетті мәдениеті мен өнері. Әсем қала, ғажап табиғат, елдің тұрмыс-тіршілігінен өзге, дара мәдениеті, өзіндік өрісті өнері, музей жәдігерліктері туралы қызықтаушы адамдарға қанағаттанарлықтай толық мәлімет беріп, жағымды түсінік қалыптастыру – мәдениет қызметкерлерінің отан алдындағы жауапты міндеті. ҚР Мәдениет туралы Заңының бірінші бабы, 5-тармағында мәдениет қызметкеріне мынадай анықтама берілген: «Мәдениет қызметкері – кәсіби қызметі мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам». Осы анықтаманың өзі-ақ мәдениет қызметкерінің сан-салалы жұмыс ауқымын анықтап тұр.

Алдыңғы пост

КЕНТАУДА АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙЛАР ЖАҚЫН АРАДА РЕСПУБЛИКАНЫҢ ҚИЯРҒА ДЕГЕН СҰРАНЫСЫН ТОЛЫҚ ӨТЕЙ АЛАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Окт    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі