Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: Созақтық түлектер бір жанұяға баспана сыйлады

24 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: Созақтық түлектер бір жанұяға баспана сыйлады
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауылға қақпа салған. Созақ ауданындағы мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер игі істі қолға алды. Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылындағы Әлішер Науаи атындағы білім ордасынан 2004 жылы қанат қағып, үлкен өмірге қадам басқанына 20 жыл болған түлектер игі істі қолға алды. Әр тарапта жүрген түлектер көпбалалы отбасына тұрғын үй сыйлады. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізіп, баспана иесін қоныс тойымен құттықтады. “Ауданымызда жақсы дәстүр жалғасып келеді. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен елдің құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін”, –деген аудан басшысы игі іске ұйытқы болған түлектерді алғыс хатпен марапаттады. Облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев сауапты іс атқарған мектеп түлектеріне алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады. Түлектерге аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды. Тағылымды шараның куәсі болған ауыл ардагерлері мен ел ағалары осындай игі шаралардың өрелі жас ұрпақтың бойына изгі қасиеттерді сіңіретінін айтты. Созақ ауылынан берілген жаңа баспана 5 бөлмелі. Ішкі бөлмелері қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі – 15 сотық. Арнайы шарбақпен қоршалған. Үйдің аумағына қосалқы шаруашылықты дамыту мен бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар. Созақ ауылындағы Созақ мектеп-гимназиясын бітіргеніне 20 жыл болған түлектер де игі істі қолға алып, туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты. Созақ-Шолаққорған бағытындағы жол бойына ауылға көрік берер әсем қақпа тұрғызды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылына арнайы барып, ауылға кіреберіс аумаққа көрік беріп, сәнді де сапалы етіп тұрғызылған сәулетті қақпаның лентасын қиып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Туған жерді түлеткен 20 жылдық түлектерге аудан әкімі мен аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды. Айта кетейік, жаңадан тұрғызылған сәулетті қақпаның биіктігі 6,5, ені 13 метрді құрайды. Ауылдың аты жазылған жазу мен қақпа аумағына түнгі жарықшамдар орнатылған. Өткен жылғы түлектер тұрғызған Рәміздер алеясына қарама-қарсы салынған қақпаның сәні мен сәулеті келісіп, ауылдың ажарын аша түскен.

Алдыңғы пост

Дархан Сатыбалды жайлы мектептің құрылысын пысықтады

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте ХІХ ғасырдың сәулет өнеріне жататын музей жұмыс істеп тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі