Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Бір сыныпта оқитын 6 егіз бала мектеп бітірді

24 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: Бір сыныпта оқитын 6 егіз бала мектеп бітірді
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы жылы ауданнан 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр. Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады. Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді жас түлектер оқуда да озат. Сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы . “Данабай Ақылбек “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек “Үздік аттестаттқа” үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих», «Құқық» сияқты пәндерді таңдауда”, – дейді ұстаз. Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы 25 мамыр күні өтеді. Осы жылы ауданнан 2000-нан аса бітіруші түлек үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр, оның ішінде 89 оқушы “Алтын белгі” төсбелгісіне және 144 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткер. Түркістанда 500 мыңнан аса оқушы «Білімім – Отаныма» тәрбие сағатына қатысты
Іс-шараға ата-аналар да қатысты. Түркістан облысында«Білімім – Отаныма» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты өтіп жатыр . Бүгін Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты жалпы 1052 мектепте 518 733 оқушы 2023-2024 оқу жылының қорытындысына арналған «Білімім – Отаныма» жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаты өтіп жатыр. Әр білім бөлім басшылары оқу ордаларына барып, тәрбие сағаттарына қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді. Тәрбие сағатының мақсаты – балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты Әнұранмен басталып, ҚР Оқу-ағарту министрінің құттықтау сөзі жазылған видеоролик оқушылардың назарына ұсынылды. Іс-шараға ата-аналар да қатысты. Сонымен қатар жыл бойы үздік болған оқушылар марапатталды. 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында балалық шақтан болашаққа қадамы туралы эссе жазды. Айта кету керек, мектеп түлектеріне арналған соңғы қоңырау 25 мамыр күні соғылады. Биыл облыста 32306 оқушы 11-сыныпты бітіреді деп күтілуде. Оның 1727- і «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер, жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» 2466 үміткер бар. 9-сыныпты 45416 оқушы бітіреді деп күтілуде. Негізгі білім туралы «Үздік аттестатқа 4540 үміткер бар. ҰБТ-ға 27 340 оқушы қатысуға өтінім білдірген.Түркістан облысында 43 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост

Дархан Сатыбалды Сарыағаш тұрғындарымен кездесті

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА КІТАП ОҚУҒА ҚҰШТАР ДИРЕКТОРЛАР, ҰСТАЗДАР МЕН ОҚУШЫЛАР ЖАРЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі