Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ «ДАМУ» ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 5 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ

1 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
КЕЛЕСТЕ «ДАМУ» ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 5 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАП ӨТІЛДІ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Келесте 1 мамыр Халықаралық балаларды қорғау мерекесі қарсаңында Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Даму» ерекше балаларды оңалту орталығының 5 жылдық мерейтойы атап өтілді. Салтанатты шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын мерекемен құттықтады.
«Даму» мүгедектер қоғамдық бірлестігі 2018 жылы маусым айында психоневрологиялық, тірек қимыл аппараты параличі, аутизм, тіл даму кедергісі диагноздары бар 30 баламен ашылып, бүгінде 60 бала оңалту қызметтерін алуда. Оның ішінде 12 бала толықтай оңалып, мектепке барды, 17 бала аяққа тұрды, 9 бала тілі шығып, нақты сұраныс жасай алады, 12 бала диагнозы жеңілдетілген сатыға ауысқан. Орталықта білікті мамандар қызмет көрсетеді.
Игі шарада қызмет алушы бүлдіршіндер және аудандағы түрлі үйірмелерде білім алатын балалар өз өнерлерін көрсетіп көрермен көзайымына айналды. Шара барысында орталықтың тыныс тіршілігіне өз үлестерін қосып, балалардың дамуына қолдау көрсетіп жүрген жеке кәсіпкерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Айтулы күнде аудан орталығында бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. “Нұрқожа” салтанат сарайында «Адамның бір қызығы бала» атты мерекелік іс-шара өтті. Кезекті мерекелік концертке аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев қатысып, бүлдіршіндер мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, сый сияпаттарын табыстады.
– Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор. Қымбатты балалар! Сіздер дамыған, байтақ елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңыздар. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жүздеріңізден қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, жүректеріңізге тек мейірім мен шапағат тілеймін, — деген аудан әкімі түрлі сайыстарда төбе көрсетіп, жеңіс төрінен көрініп жүрген бүлдіршіндерді марапаттады.
Мерекелік шара Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сонымен қатар мерекеде жеке кәсіпкер, меценат Ұлбосын Қаржауқызы мен Айгүл Уалиханқызы өз құттықтауларын жеткізіп, бүлдіршіндерге естелік сыйлықтар тарту етті.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Келесі жаңалық

АРЫСТА ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ 3 САЯБАҚТА КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі