Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

1 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Айтулы мерекеге қарсаңында қалалық Ардагерлер үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған қала әкімінің қайырымдылық дастарханы жайылды.
Тағдырдың сынына мойымай, асқақ арманға қанат қаққан қаршадай балаларға арналған шарада шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін арнады.
Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Ерекше күтімдегі балалар ән айтып, би билеп өнерлерімен келушілерді тамсандырды.
Шара барысында, қаламыздың жаны жомарт кәсіпкерлері және Іскер әйелдер ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге заттай сыйлықтар үлестіріп, тәттілар мен балмұздақ таратып оларды шексіз қуанышқа бөледі.
Сонымен қатар, мерекеге орай Арыста орналасқан «Danis» коррекциялық дамыту орталығында ерекше жағдайдағы балаларға арналған мерекелік кеш өтті.
Ерекше балаларды мерекемен құттықтауға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова және Шымкент қаласы әкімнің кеңесшісі, балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева арнайы қатысып, ізгі тілектерін жолдады.
Думанды шарада кішкентай көрермендер үшін дайындалған театрландырылған қойылымдар оларды ертегі еліне шақырды. Балалардың жүздеріне күлкі мен шаттық ұялап, ерекше балалар өз өнерлерін көрсетіп, мәре-сәре болды. Мерекелік кеште ерекше балалар мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге ән айтып, би билеп, көңіл көтерді.
Бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша ерекше күтімді қажет ететін 159 бала бар. Оларға қалалық Жұмыспен қамту және Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан әлеуметтік қызметкерлер қарастырылған. Айтулы мерекеге орай барлық балаға 5 АЕК көлемінде қаржылай сыйақы аударылып беріледі.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 200-ГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА ҚУАНЫШ ҚОРЖЫНДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі