Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ТІЛ БІЛЕТІН ЖАС ПОЛИГЛОТ ТҰРАДЫ

31 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ТІЛ БІЛЕТІН ЖАС ПОЛИГЛОТ ТҰРАДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 8 тіл білетін жас полиглот тұрады. Оның аты-жөні – Сачиди Шахназ Разандиқызы. Шахназ Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің мүшесі. Ол 1999 жылы Абай ауылдық округіне қарасты Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Ауылдағы №21 Ю.Гагарин атындағы ЖББМ-де 2017 жылы мектепті тәмамдаған. 2018-2022 жылдар аралығында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде екі шет тілі мамандығы бойынша білім алған.
Шахназ қазіргі таңда сегіз тілді жетік меңгерген. Алты тілді бала кезден өз қызығушылығымен үйренген. Атап айтсақ, қазақ, орыс, өзбек, парсы, түрік, әзербайжан тілдері. Ал ағылшын тілі мен қытай тілін университет қабырғасында оқып жүріп үйренген. 2023-2024 жылдары аралығында «Шабыт» шығармашылық орталығында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмыс істеген.
– «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» деген сөз бар. Мен шет тілдерін үйренуге бала кезімнен қызықтым. Өйткені тіл арқылы адам өзге елдің мәдениетін, ұлттық ерекшелігін танып-біліп, таным көкжиегін кеңейте түседі. Әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әл-Фараби жетпіске жуық тіл білген. Тіл білуінің арқасында рухани ілім-білім қалыптастырған. Шет тілін білген жақсы, әрине. Дегенмен, Қазақстанда тұратын азаматтарға айтарым, ұлтыңызға, жасыңызға қарамай, мемлекеттік тілді үйренуге ұмтылыңыз дегім келеді. Бұл – Отанға, елге деген құрметтің белгісі әрі мемлекеттік тіл барлығымызды біріктіреді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяуда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында «Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз», деді. Сондықтан мемлекеттік тілді үйрену – әр қазақстандықтың азаматтық парызы деп есептеймін, – дейді полиглот қыз.
Шахназдың ендігі арманы – Қытай елінде білімін жетілдіріп, туған жерге оралып, өзінің жеке оқу орталығын ашу. Мектепте ұстаздық етіп, оқушыларды білім нәрімен сусындатқысы келеді.
Еске сала кетсек, бүгінгі таңда Түркістан облысындағы Ассамблея құрылымдарының ұйытқы болуымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шаралар өтуде. Өңірдің барлық аудан, қалаларында Мәдениет және туризм басқармасына қарасты тіл орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы осы курстарға 4 мыңға жуық адам қамтылды. Облыстағы этнос өкілдерінің 92 пайызы қазақ тілін жетік біледі, құрмет тұтады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА 100 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ «ӨНЕРІ ӨРГЕ ШАЛҚЫҒАН ОРДА» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі