Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН ЖАРҚЫН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

30 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
САУРАН: АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІМЕН ЖАРҚЫН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусым – «Халықаралық Балаларды қорғау күніне» орай, ұйымдастырылған «Алтын балалық шақ» онкүндігі аясында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров барлық еңбек жолын бала тәрбиесіне арнап зейнетке шыққан, басшы-ардагер ұстаздармен кездесті. Еркін форматтағы басқосу ардагерлерді күтіп алумен басталды. Саналы ғұмырын ағартушылыққа жұмсаған өңірдегі үздік ұстаздар жиында ауданның білім саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жиын аудандық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылды.
— «Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз» — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істеріңіздің маманы бола білген сіздердің еңбек жолдарыңыз қазіргі ұрпақ үшін үлгі өнеге. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Сіздер берген білім мен тәрбиенің арқасында бала бойына сіңіріліп жатқан Тәуелсіздік, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ешқашан мәнін жоғалтпайды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында елін сүйетін, білімді жастарымыз жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Еліміздің ертеңі мен кемел келешегі үшін жасаған қызметтеріңізге алғыс білдіремін, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін», — деді аудан әкімі.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ұстаздар өмір бойы жұмыс жасай берері анық. Әрбір ауылдардағы білім саласы барысында жасалып жатқан жұмыстар мен жеткен жетістіктер осы ардагер ұстаздардың салған жолымен жалғасуда. Жиында білім саласына сүбелі үлес қосқан педагогтар туралы сөз қозғалды. Мұнан соң ардагер ұстаздар өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, ғибратты әңгімелерін айтты.
Өз кезегінде ардагерлер ұстаздық қызмет еткен жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, шараны ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді. Осы форматтағы шара алдағы уақытта жалғасын тауып, ардагер ұстаздардың кеңесін құру жоспарланды. Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздар туралы естеліктер жазылып, баспа бетіне шығару аудан әкімі тарапынан ұсынылып, жүзеге асырылатын болды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТОРЛАРҒА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «МАҚСАТСЫЗ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖЕРЛЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ ТИІС!»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі