Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

29 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің көңілін көтеру мақсатында Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай қаласында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбеков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев пен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары қатысты.
Аудан бойынша бүгінгі таңда 18 жасқа дейінгі 1373 мүмкіндігі шектеулі бала бар болса, оның 325-і үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін бүлдіршіндер. 49 бала І топ, 296 бала ІІ топ, 438 бала ІІІ топ мүгедегі ретінде есепке алынса, 590 балатобы бойынша тіркелмегенімен мүгедектігі барлар.
Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға сауықтыру, әлеуметтік оңалту шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсынатын арнайы орталықтар жұмыс істеуде.
Іс-шара барысында бүлдіршіндерге демеушілер тарапынан мерекелік дастархан жайылып, сый-сияпат жасалды. Демеушілік жасаған жомарт жандарға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбековтың алғыс хаттары табыс етілді. Аудан өнерпаздары мен мерекеге қатысушы бүлдіршіндердің мерекелік концерттік бағдарламалары ұсынылды. Еске салсақ, Түркістанда 1-маусым балаларды қорғау күніне орай 100 мүгедектігі бар балаларға арналған мерекелік іс-шара өтті. Өмірге ынтық жасөспірімдер мен бүлдіршіндер қала әкімінің қолынынан сыйлық алып мәз-мейрам болды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шара әр мереке күндері қайталанып тұратын көрінеді. Айта кетейік Түркістан қаласының өзінде 1300-ге ерекше қажеттіліктері бар балалар бар. Олардың барлығы мемлекет қамқорлығына алған. Сондай-ақ үйден оқытуды қажет ететін 300 дей бүлдіршінге ай сайын қалалық бюджеттен 3613 теңге төленеді екен.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДЫҚ «JANA LEP!» ӨНЕР ҰЖЫМЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ СПЕКТАКЛЬ САХНАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ ДРАМА ТЕАТРЫНДА «ҚАЙДАСЫҢ, ГАУҺАР?» ҚОЙЫЛЫМЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі