Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС» СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

25 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
КЕНТАУДА «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС» СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға қарасты Хантағы аулындағы №6 А.С.Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты.
Жандос Қалмырзаұлы педагогикалық ұжымды, оқушылар мен олардың ата-аналарын құттықтап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған барлық кентаулық түлектерге жылы лебізін білдірді.
«Соңғы қоңыраудың соғылуы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасаған маңызды шақтың уақыты келгенін білдіреді. Көпшілігің болашаққа жоспар құрып, мақсаттарыңды айқындап та қойған боларсыздар. Сол асыл мақсаттарыңызға жетулеріңізге тілектеспін. Сапалы білім, саналы тәрбие берген ұстаздардың және аялап өсірген ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосады деп сенемін» деді қала әкімі.
Құттықтаудан соң еңбегі еселі бірқатар ұстаздарды «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Алғыс хатпен» марапаттады.
Шара барысында мектеп бітіруші түлектер мектеп вальсін орындап, әсем әуендерін шырқады. Салтанатты жиында «Алтын белгі» үміткері, Назарбаев Университетіне шақырту алған Серік Қуаныш пен бастауыш сынып оқушысы Талшын Маккамбай соңғы қоңырауды соқты.
Жиын соңында қала әкімі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің мектепке тарту ретінде салып берген спорт алаңшасының ашылуына қатысты. Одан бөлек, білім ордасының ішіне рәміздер алаңын жасап берген.
Айта кету керек, биыл қалада 741-дей оқушы мектеп бітірмек. Олардың 677-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Биыл 45 оқушы «Алтын белгіге», 29 оқушы «Үздік аттестаттан» үміткер болып отыр.
Түркістан облысында 25 мамыр күні мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара мектеп қабырғасында өткізілді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев облыс орталығында орналасқан №28 мектеп-лицейіндегі соңғы қоңырау рәсіміне қатысып, жас түлектерге жылы лебізін білдірді.
Еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңыздыі тілеймін, — деді Бейсенбай Дәулетұлы
Аяқталған оқу жылы біздің өңіріміз үшін де жемісті жыл болды. 2023-2024 оқу жылында 32306 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Оның 1727-і «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, 2466 оқушы жалпы орта білім беру туралы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген.
2023-2024 оқу жылындағы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиадаға қатысушы командалардың сапалық рейтингі бойынша Түркістан облысы 2 орынды иеленді. Ал жарытылыстану бағыты бойынша 4 орын алды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: 32 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ МЕКТЕП БІТІРДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ШАХМАТТАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі