Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫНЫҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

28 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА «ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫНЫҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады.
Айта кетсек, Шәмші Қалдаяқов — 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның 300-ге жуық ән мұрасы бар. Бүгінде сазгердің «Ақ сұңқарым», «Ақ бантик», «Қара көз», «Қайықта» секілді әндері жұртшылық арасында кеңінен танымал. Сондай-ақ, жігерлі әрі қуанышпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Теңіз құшағында» әндері ел арасына кең тараған. АЛ Отырар ауданындағы Мөлке Шойманов пен Ақтөбе ауылдық округтерінде мәдениет үйі салынып жатыр. Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша өткен жылы аталған екі ауылда 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталған. Бүгінде Мөлке Шойманов ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты 90 пайызға аяқталған. Қазір құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мамандар онда 150 адамға лайықталған көрермен залы мен 50 орындық кітапхана болатынын айтады. Көптен күткен жаңа нысан биыл тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Ал Ақтөбе ауылында құрылысы жүріп жатқан мәдениет үйі биыл шілде айында қолданысқа берілмек.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есімбектің айтуынша, қазір аудандағы Көксарай ауылында 200 орындық мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, Жаңа Шілік ауылынан 150 орындық мәдениет ошағының жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалмақ. Жалпы Отырар ауданында 13 ауылдық округ, 38 елдімекен болса, соның 20-да мәдениет ошағы бар.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС КӨКПАРШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: Жазғы лагерлерде «Таза Қазақстан» акциясының тәрбиелік жұмыстары жүргізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі