Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

27 мая, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер игі іске мұрындық болды. Бүгін “Бекзат” мөлтек ауданының 1986 жылғы азаматтары жиырма жылдыққа орай баспана сыйлады.
Аталған мөлтек ауданның азаматтарына мұндай бастама дәстүрге айналған. Бірнеше жыл қатарынан мұқтаж отбасыларды қуантып, алғысқа бөленіп келеді. Наурыз думан мерекесінде және 25 мамыр күні қарсаңында, жылына 2 рет беріледіі. Бұл – жанашыр жандардың тарапынан тарту етілген 17-ші баспана. Олар 2020 жылы дүниеден өткен достары Жарқынбек Өтеповтің отбасына үй салып берді. Соңғы қоңырау іс-шарасынан соң салтанатты түрде табысталды.
Айта кетейік, бүгін еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау соғылды. Түркістан өңірінің білім ошақтарын биыл 32 мыңнан астам оқушы тәмамдап отыр. Болашаққа нық қадам басқан бітірушілерге мұндай игі істің үлгі болары анық.
Ал Созақ ауданындағы мектеп бітіргеніне 20 жыл болған түлектер игі істі қолға алды. Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылындағы Әлішер Науаи атындағы білім ордасынан 2004 жылы қанат қағып, үлкен өмірге қадам басқанына 20 жыл болған түлектер игі істі қолға алды. Әр тарапта жүрген түлектер көпбалалы отбасына тұрғын үй сыйлады. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков түлектерге алғысын жеткізіп, баспана иесін қоныс тойымен құттықтады. “Ауданымызда жақсы дәстүр жалғасып келеді. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің мұқтаж отбасыға үй сыйлау үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен елдің құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін”, –деген аудан басшысы игі іске ұйытқы болған түлектерді алғыс хатпен марапаттады. Облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев сауапты іс атқарған мектеп түлектеріне алғысын жеткізіп, ізгі тілегін арнады. Түлектерге аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды. Тағылымды шараның куәсі болған ауыл ардагерлері мен ел ағалары осындай игі шаралардың өрелі жас ұрпақтың бойына изгі қасиеттерді сіңіретінін айтты. Созақ ауылынан берілген жаңа баспана 5 бөлмелі. Ішкі бөлмелері қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі – 15 сотық. Арнайы шарбақпен қоршалған. Үйдің аумағына қосалқы шаруашылықты дамыту мен бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар. Созақ ауылындағы Созақ мектеп-гимназиясын бітіргеніне 20 жыл болған түлектер де игі істі қолға алып, туған жерді түлетуге өз үлестерін қосты. Созақ-Шолаққорған бағытындағы жол бойына ауылға көрік берер әсем қақпа тұрғызды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылына арнайы барып, ауылға кіреберіс аумаққа көрік беріп, сәнді де сапалы етіп тұрғызылған сәулетті қақпаның лентасын қиып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Туған жерді түлеткен 20 жылдық түлектерге аудан әкімі мен аудандық мәслихат аппаратының алғыс хаты табысталды. Айта кетейік, жаңадан тұрғызылған сәулетті қақпаның биіктігі 6,5, ені 13 метрді құрайды. Ауылдың аты жазылған жазу мен қақпа аумағына түнгі жарықшамдар орнатылған. Өткен жылғы түлектер тұрғызған Рәміздер алеясына қарама-қарсы салынған қақпаның сәні мен сәулеті келісіп, ауылдың ажарын аша түскен.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫ САЛЫНУДА

Келесі жаңалық

Діндегі татулық – тыныштық тірегі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі