Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ

3 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫ БОЛМАЙДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша суармалы жердің жалпы көлемі — 552 мың гектар. Өңір республикада егін егу саласында алдыңғы қатарда. Жыл сайынғы су тапшылығы мәселесі биыл оң шешімін тауып отыр. Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК ТФ мекемесі арқылы ағын сумен 332 мың гектар егіндік жер қамтамасыз етіледі. Бүгінде филиалдың су нысандары арқылы егістікті суғаруға бөлінген ағын су көлемі — 871,06 млн текше метр құрап отыр. Бұл жайында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев брифингте мәлімдеді.
«Қазсушар» РМК тарапынан 2024 жылғы егіндікті суғару маусымына дайындық барысында былтыр арнайы техникаларымен жалпы ұзындығы 616 шақырымды құрайтын 204 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, биыл арналардың 302 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде облыс аумағындағы егістік алқаптарға ағын су жеткізу мүмкіндігі артты,- деді Қазыбек Қошқарбекұлы.
Мекеме су тұтынушылармен тікелей келісім-шарт жасау арқылы ағын су жеткізу қызметін аттыра түспек. Осы бағытта «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қосымша 177 қызметкер жұмысқа қабылданған. Айта кетерлігі, қазіргі таңда филиалға қарасты барлық 18 суқоймада жинақталған су қоры 5497,371 млн текше метрді құрайды.
Осы кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде бір ай бойы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстары жүйелі түрде жоспарға сай жүргізілді. Дегенмен, туристтер, демалушылар арасында тазалыққа жауапкершілікпен қарамайтын азаматтар әлі де жол бойына қоқыс тастап, өздері демалған орынды ластап кетуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданы тұрғындармен кездесуде тазалық шараларын сақтауға шақырған болатын. Осы ретте аудан аумағында жалпы аудандық сенбілік өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған «Еріктілер кеңесінің» ұйымдастыруымен Ақмешіт демалыс аймағы күл-қоқыстан тазартылды.
Тазалық шарасына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы департаментінің басшысы Өркен Балажанов бастаған ерікті мемлекеттік қызметшілер, аудан әкімі Төлеген Телғараев, әкімдік қызметкерлері қатысты. «Тазалық – табалдырықтан басталады», сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті.
Сенбілік барысында қатысушылар жол бойын, өзен жағалауын күл-қоқыстан тазартып қана қоймай, халық көп шоғырланатын орындарға тазалыққа шақыратын арнайы тақтайшалар «Табиғатты құрметте», «Қоқысты өзіңмен алып кет», «Қоқыссыз таза табиғат», «Табиғатты ластама» тақырыптарында орнатылды.

Алдыңғы пост

«ЖЕР-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ- ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ҚОС ОКРУГКЕ ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі