Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ОТЫРАРДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «BALA TIME» ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

3 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ОТЫРАРДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «BALA TIME»  ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Отырар ауданында тағы бір кәсіпкерлік нысаны өз жұмысын бастады. Заманауи үлгіде салынып, аудандағы ең алғаш ашылған балалар ойын-сауық орталығы жылдың 4 мезгілінде балаларға қолайлы қызмет көрсетеді.
Бүгін «1 маусым – халықаралық балалр күні» мерекесі қарсаңында аудан орталығында заманауи балалар ойын алаңшасымен қамтылған «Bala Time» кешенінің ашылу салтанаты болды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және ауыл ардагерлері қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа кешеннің ашылуымен құттықтап, кешеннің лентасын қыйды.
Аудан әкімінің орынбасары игі іске мұрындық болған кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етсе, ақсақалдар ақ батасын берді. Ол өз сөзінде: «Ауданда жаңа кәсіпкерлік нысандарының ашылуы — кәсіпкерлердің бәсекелестігін арттырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан іскер азаматтардың осындай бастамаларын әрдайым қолдауға дайынбыз»,-деп атап өтті.
Жеке кәсіпкер Азамат Әділханұлы нысанды жалға алып, ішіндегі ойын элементтерін өз қаржысына орнатқан. Кешенде балалар ойын алаңшасынан бөлек, ата-аналарға арналған күту орны мен келушілерге жағдай қарастырылған. Ойын алаңына 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға кіру рұқсат етіледі. Ал Арыс қаласында облыстық «Балдәурен-2024» жас әншілер байқауы өтті. Сайысқа Арыс қаласының Гүлжан Құрманбекова қатысып, балаларға сәттілік тіледі. Өнер додасында облыстың әр аудан, қаласынан келген жас таланттар бақ сынады.
Байқауда облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы Мақсат Айтжанов, композитор, «VIА АR-BAND» вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі Шахизинда Алимбетов қазылық етті. Олар әр үміткердің ән орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, сахналық киім үлгісі мен сахна мәдениетіне баса назар аударды.
Сайыс нәтижесінде Сайрам ауданынан Нұрғали Нұрбек бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Түркістан қаласынан Елдос Бақдәулет І орын, Ордабасы ауданынан келген Әлайдар Кәусар мен түлкібастық Амирбек Аңсар ІІ орын, ал Сарыағаш ауданынан Қанжарбек Балсезім мен Жетісай ауданынан Жаңабай Нұрқадір жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұдан бөлек үздік өнер көрсеткен қатысушы үміткерлерге арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, аталған байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, оларды отансүйгіштікке баулуға, ұлттық рухта тәрбиелеп, эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдауға бағытталған.

Алдыңғы пост

ҚОС ОКРУГКЕ ӘКІМ САЙЛАНДЫ

Келесі жаңалық

АРЫСТА АУРУХАНАДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі