Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қарапайым халықтың мүддесі мен талап-тілегін бірінші орынға қойып, айтылған ұсыныстардың шешілу жолдарын қарастыруды күн тәртібінен түсірмеген «AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалына атқарушы хатшы лауазымына сынақ мерзімімен Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Қайназаров Асқар Нұртайұлы тағайындалды.
Орталық аппараттың келісімімен «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің бұйрығына сәйкес партия филиалының ғимаратында өткен ресми тағайындауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы мен аудан әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме басшылары, зиялы қауым мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Басқосуда «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалын 2019 жылдан бері абыроймен басқарып келген, бүгінде зейнеткерлікке шығып отырған Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Асауов Әділхан Жолдасұлының партия бастамалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруда, ауданның дамуы жолында еткен еңбектері мен жеткен жетістіктері айтылып, алғыс білдірілді. Қазақы салтпен иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, жаңадан тағайындалған Қайназаров Асқар Нұртайұлы 1994 жылы 18 желтоқсанда Жетісай ауданында туылған. Қазақстан-Британ техникалық университетінің түлегі, бірнеше Халықаралық білім сайыстарының жүлдегері. Қазақ, орыс, өзбек және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін ол VII және VIII шақырылымдардағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, партияның Түркістан облыстық және Жетісай аудандық саяси кеңестері мен бюро мүшесі.
2016 – 2020 жылдары «КАЙНАЗАР» және «ZANGAR GROUP» ЖК басшысы, 2020 – 2021 жылдары «Z&M GOLD SYSTEMS» ЖШС құрылтайшысы және директоры, 2021 – 2023 жылдары VII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы, 2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссияның мүшесі қызметтерін атқарып келген.
Салтанатты жиын соңында партия ардагерлері мен ел ағалары жаңа басшының жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берісті.

Алдыңғы пост

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ: ШАХМАТТАН ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Келесі жаңалық

КӨКПАР ОЙЫНЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі