Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БІРЛІК» СПОРТ САЙЫСТАРЫ ӨТТІ

9 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА «БІРЛІК» СПОРТ САЙЫСТАРЫ ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сайрам ауданы, Қарасу ауылында өңірдегі этнос жастары арасында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» спорт сайыстары өтті.
Этнос өкілдерінің достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда көздеген спорт сайыстары облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
Спорттық додаға аудан, қалалардан жалпы 10 команда қатысты. Атап айтсақ, Сауран, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Кентау, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының этнос жастарынан құралған командалар мен «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облысы өкілдігі мүшелері бақ сынады. Онда жастар спорттың 4 түрінен, атап айтқанда, шағын футбол, қол күресі, арқан тарту, гір тасын көтеруден сайысқа түсті.
Спорттық шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл елдегі татулықты көздің қарашығындай сақтау әрі нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өте келе, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Спорт тек денсаулық кепілі ғана емес, түрлі этностар арасындағы ынтымақтастықты, достықты нығайтады. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде Ассамблея маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын. Бүгінгі жарыстың негізгі мақсаты осы — өңірдегі этнос жастарының Отанға, елге деген құрметін арттыру, этносаралық бірлікті насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Спорттық шара жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл қатысушылар саны көп. Жарысқа жастардың көптеп қатысуы олардың спортқа деген қызығушылығы зор екенін көрсетеді. Мұндай жарыстардың ел бірлігін бекемдеуде маңызы жоғары, — деді басқарма басшысының орынбасары.
Таң азаннан кешке дейін жалғасқан тартысты бәсекеде қол күрестен сарыағаштық Абдужалил Мұхамедәли қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Ал, сайрамдық Бобур Рустамбеков екінші, кентаулық Атабек Хайриев үшінші орынға ие болды.
Арқан тарту сайысы жұрттың қиқу салып, қызу қолдау танытқан жарысы болғанын айта кеткен жөн. Бұл сайыста «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігі жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 2 орынды Кентау құрамасы, 3 орынды Сарыағаш құрамасы иеленді.
Сондай-ақ гір тасын көтеру сайысында сарыағаштық Бақтыбек Расилов топ жарды. Ол 16 келілік гірді 198 рет көтерді. Бұл сайыста сайрамдық Ербол Тузулбаев 158 рет көтеріп, екінші орынды алды. Ал, үшінші орынға 115 рет көтерген саурандық Нышанбай Мамрасулов еншіледі.
Ал шағын футбол бәсекесінде «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігі құрамасы мен Төлеби құрамасы финалда кездесті. «Ассамблея жастары» тартысты өткен ойында төлебиліктерді 2:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Жүлделі үшінші орын үшін болған матчта сайрамдықтар сарығаштық қарсыластарына 4:2 есебімен басымдық танытты. Футбол сайысында төлебилік Саят Жұмаділ «Үздік ойыншы» атанса, «Ассамблея жастарының» қос футболшысы — Ислам Умаров «Үздік шабуылшы» және Гулмурат Хамракулов «Үздік қақпашы» номинациясын иеленді. Сондай-ақ, саурандық Элжан Аббазов «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.
Жарыстың қорытындысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жеңімпаздарды арнайы марапаттап, жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табыстады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЕТ ЭКСПОРТЫНАН КӨШ БАСТАП ТҰР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЛАГЕРЛЕРДІҢ КЕЛЕСІ ЛЕГІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі