Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА – АНА ТІЛІМЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

7 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
«БАЛА ШАҚТАН БОЛАШАҚҚА – АНА ТІЛІМЕН» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен аудандық білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бүлдіршіндері арасында «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен» тақырыбында аудандық байқауы өткізілді.

Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету, мектепке дейінгі білім беру мекемелері бүлдіршіндерінің қазақ тілінде сөйлеу деңгейін көтеру, олардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін арттыру, талантты және дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауға мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен 5-6 жас аралығындағы 25 бүлдіршін қатысты.

Байқауға «Амангелді» атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лаззат Тулемисова, Асықата мәдениет үйінің директоры Гүлпар Дүйсенбекова, «Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лаззат Илимова, аудандық қоғамдық-саяси басылым «Жаңа Жетісай» газетінің тілшісі Эльмира Усербекова, Жетісай ауданының Ардагерлер кеңесінің төраға кеңесшісі Раушан Айтышова қазылық етті.

Байқауды аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов пен аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ басшысы Құрманбек Рысмаханов ашып беріп, өнер мен білім додасында бақ сынап қатысып жатқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

Байқауға қатысушы бүлдіршіндер байқау шарты бойынша бірінші «Мен және балабақшам» кезеңіне сәйкес өзін, отбасын, балабақшасын таныстырса, екінші «Алақай, менің өнерім» кезеңінде өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге «Нұр-Жібек» балабақшасының қатысушысы Асылжан Шәріп лайық деп танылды. І орын «Қуаныш» балабақшасының қатысушысы Бағым Аманға берілсе, ІІ орын «Зауытбек» балабақшасының қатысушысы Жанерке Маратқызы мен «Күншуақ» балабақшасының қатысушысы Дамеля Абайдың еншісіне бұйырды. Ал «Наурыз» балабақшасынан Гүлжанат Қантөре, «Игілік» балабақшасынан Алимансұр Русланұлы, «Бейбарыс» балабақшасынан Нұрсая Сейітғали жүлделі ІІІ орынды иеленіп, қалған қатысушылар «Үздік өнер көрсетуші», «Дарынды бүлдіршін», «Өнерлі бүлдіршін» номинацияларымен марапатталды.

Байқауға қатысқан барлық бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, шәкірттерін баптап, додаға қосқан тәрбиешілерінің де еңбектері ескерусіз қалған жоқ, олар Жетісай ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды

Алдыңғы пост

БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Келесі жаңалық

ЖЕТІСАЙ: ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КӨШПЕЛІ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі