Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: «ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТЕРГЕ ЖИНАҚТАУ, САҚТАУ, ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

7 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: «ҰЛТТЫҚ АРХИВ ҚОРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВТЕРГЕ ЖИНАҚТАУ, САҚТАУ, ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ТАЛАПТАРЫ»  ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
0
SHARES
62
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік архивтерге жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану талаптары» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға құқық қорғау органдарының, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, ауылдық округтер әкімі аппараты және облыстық басқармаларға бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Семинар кеңесті аудан әкімі аппаратының басшысы Эльдар Темірханұлы ашып, семинардың мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Түркістан облысы мемлекеттік архив басшысының орынбасары Камшат Тасыбекова семинар кеңесті жүргізіп, семинарға қатысушыларды архив ісі саласында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және толықтырулармен таныстырып өтті.
Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын басшылыққа алып жұмыс жүргізу мәселелері айтылды.

Семинарда мекемеде құжат айналым тәртібі, істер номенклатурасын жасау, істерді қалыптастыру, оларды сақтау, архивтік құжаттарды қабылдау-тапсыру, құжаттың жай-күйін тексеру мен есепке алу, құжаттарды физикалық-химиялық және техникалық өңдеуден өткізу тәртіптері талқыланды.
Семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен айтылған ұсыныстарға архив мамандары тарапынан жауаптар берілді.

Ағымдағы жылғы 6 маусымда, Ақбастау ауылдық округіне қарасты «Ernur — корпорациясы» ЖШС-і шаруашылығында аудан шаруаларымен бірлескен тұқым шаруашылығының өзекті мәселелері мен оны дамыту бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске арнайы «Красноводопад» ЖШС-і ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, арпа селекционері Ортаев Анарбай Қайнарұлы шақыртылды.

Семинарда өңірлік жағдайларға бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарының құрғақшылыққа төзімді жаңа сорттарын қарастыру, тұқымның сапасын бағалау және өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Алдыңғы пост

ЖЕТІСАЙ: ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІНІҢ КӨШПЕЛІ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ҰЛҒАЯДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі