Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

7 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕНТАУДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау қаласындағы индустриалды аймағында болып, онда орналасқан зауыттардың жұмысымен танысты. Кәсіпкерлермен кездесіп, жаңа жобаларды пысықтады. Облыс әкіміне ғимарат сыртын қаптайтын құрылыс материалын шығару, металл қалдықтарын қайта өңдеу, керамзит жасау, сылақ торларын шығаратын, резеңке бұйымдарын өндіру, қоқысты қайта өңдеу, цемент және бетон бұйымдарын, кірпіш зауыты және өзге де инновациялық жобалар таныстырылды.

Дархан Сатыбалды осы бағыттағы өндіріс орындарын көбейтудің маңыздылығына, отандық өнім көлемін арттырудың қажеттігіне тоқталды. Жаңа жобаларды жан-жақты зерделеп, әрі қарай дамыту үшін қолдау көрсету жолдарын қарастыруды тапсырды. Қала әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.

Кентау индустриалды аймағының жалпы ауданы – 43 га. Кәсіпкерлерге жағдай жасау үшін инфрақұрылыммен толық қамту бағытында жұмыстар атқарылуда. Индустриалды аймақта құрылыс материалдарын шығаратын 8 зауыт орналасқан. Құрылысқа қажетті материалдар өндіретін тағы екі зауыт биыл іске қосылады.

Қаладағы индустриалды аймағына түнгі жарықтандыру желілерін орнату, темір жол торабы мен газ тарту секілді өзекті мәселелерін шешу жолдары қарастырылуда.
Полиэтиленді труба шығару цехының жұмысымен танысқан өңір басшысына кәсіпорын иесі өндірісті дамыту жоспарымен бөлісті. 2019 жылы іске қосылған «АБН Альянс» ЖШС-нің өнімдері тапсырысқа орай, Қазақстанның барлық аймақтарына тасымалданады. Жылына 4000 тонна өнім шығарады. 80 адам жұмыспен қамтылған.

Кентауда өндіріс орындарын ашып, инвестициялық әлеуетін көтеру керек. Сонымен бірге жерге қатысты заңсыздықтарды жойып, жүйелі тірлік атқару қажет. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентау тұрғындарымен кездесуде осы және өзге де мәселелерге тоқталды. Атқарылған жұмыстарды баяндап, кемшіліктерді де айтты.

– «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласында 2023 жылы 2 елді мекенде 7 жобаны іске асыруға облыстық бюджет есебінен 242 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, Хантағы және Ащысай елді мекендеріндегі 18 көшеге 242 млн. теңгеге қаралып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы 3 елді мекенде 6 жобаны іске асыру үшін 477 млн. теңге қаралды «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 492 млн. теңгеге 92 жоба қаржыландырылды. АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы Кентау қаласында 2 мектепте іске қосылды. Кентаудың жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 26 пайызға өсіп, 2023 жылы 76 млрд. теңгеге жетті. Биыл 4 айда бұл көрсеткіш 23 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға өскен. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 46,7 млрд. теңгені құрап, жоспар 784 млн. теңгеге артығымен орындалды. Дегенмен, Кентаудың әлеуеті бұдан да жоғары.

Алдыңғы пост

КЕНТАУДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ҰЛҒАЯДЫ

Келесі жаңалық

«ҚОЖАНОВТАНУ ӘЛЕМІ» КІТАБЫ МЕН «РУХ» АТТЫ КӨРКЕМ-ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ ЖУРНАЛДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі