Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 10 ЖЫЛ БОЛҒАН ТҮЛЕКТЕР ӨЗ АУЫЛДАРЫНА ҚАҚПА ОРНАТТЫ

9 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛДА МЕКТЕП БІТІРГЕНДЕРІНЕ 10 ЖЫЛ БОЛҒАН ТҮЛЕКТЕР ӨЗ АУЫЛДАРЫНА ҚАҚПА ОРНАТТЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер өз ауылдарына кіреберіс қақпа орнатты.
М-39 «Ташкент-Термез» бағытындағы халықаралық транзит дәлізінің бойында орналасқан ауылда 200-ден астам шаңырақ бар. Бүгінде әлеуметтік нысандары мен инфрақұрылымы толықтай жаңарған ауыл ешбір қаладан кем түспейді. Атап айтқанда, жаңадан мектеп, балабақшалар, медициналық және полиция пункттері бой көтеріп, ауыз су және электр жүйелері жаңарып, көшелерінің барлығына асфальт түскен.
Осындағы Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектептің 45-түлектерінің арқасында ауылдың сәніне және де сән қосылып, туған жеріне жанашырлықпен қарайтын ауыл жастары патриотизмнің жарқын үлгісін көрсете білді. 10 жылдық түлектер тұрғызған қақпада шаңырақ бейнеленіп, қазақтың ұлттық ою-өрнегі темірден безендірлген. Сонымен қатар, алып қақпа түнгі уақытта да жарқырап, ауылдың түнгі көрінісіне көрік қосып тұр.
«Бұл қайырымды істері арқылы 10 жылдық түлектер өздерінен кейінгі буынның тәрбиесіне үлкен септігін тигізіп, олардың туған жерлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыратыны сөзсіз. Бірнеше жылдан бері қалыптасқан түлектердің ауылды көркейту үрдісі биыл да жалғасын тауып, бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Осындай еселі еңбектерімен ауыл тұрғындарының құрметіне бөленген түлектерге шынайы алғысымызды білдіреміз!» — деді, ауыл молдасы Нұржан Әлімбеков.
Айта кетейік, Өргебас ауылында кәсіпкер түлектердің демеушілігімен де бірнеше әлеуметтік нысандар бой көтеріп, мешіт, аялдама сияқты нысандар ел игілігіне берілген.
Осы кезде Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Кино және театр актрисасы, Қазақ КСР – нің Халық әртісі Әмина Өмірзақованың 105 жылдығына және КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына орай, қазақ халқының салт – дәстүрі мен тәлім – тәрбиесін, жастар бойындағы үйлесімділігін көрсету, ибалы да ақылды, өнерлі де ізетті қыздарды көпшілікке таныстыру, жастарға үлгі ету мақсатында «Төлеби аруы — 2024!» аудандық қыз сыны байқауы өтті.
Байқауға алдын – ала іріктеу кезеңінен өткен 7 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған аруларға жүлделі орындар табыстаса, қалған қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
БАС ЖҮЛДЕ – Ақтай Дана (Момынай ауылдық клубы)
І – ОРЫН – Әріпбек Несібелі (Зертас ауылдық мәдениет үйі)
ІІ – ОРЫН – Көмекбай Жания (Ленгір қаласы)
ІІІ – ОРЫН – Өмірзақ Несібелі (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНҒА КОРЕЯ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУ ЖӨНІНДЕ МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі