Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
КЕНТАУДА ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың қатысуымен Кентау қаласындағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуалға байланысты тұрғындармен кездесу өтті.
Қарнақ ауылында өткен басқосуда құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдік өкілдері халықпен бірге этнос өкілдері шоғырланған аудандарда ел арасындағы тұрақтылықты сақтай отырып, шиеленіске жол бермеу мәселелерін талқылады.

«Халық арасында түрлі шиеленіске алып келетін құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстандағы Ақсақалдар институты, жастар көшбасшыларымен және қоғамда беделі жоғары, танымал азаматтармен еркін форматтағы кездесулерін өткізуді қолға алған жөн. Мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлері, қоғам белсенділері мен медиаторлардың қатысуымен этносаралық қатынастарды жақсарту, этномедиация тетіктерін тиімді жүзеге асыруға бағытталған оқыту семинарларын өткізуіміз керек», деді облыс әкімінің орынбасары.
Сондай-ақ Бейсен Тәжібаев аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім беретін сыныптарды көбейту, мектепте тәрбие беру мен толеранттылық сананы қалыптастыру мәселелеріне назар аудару қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары береке-бірлікті сақтау, ел ішінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік саясатты түсіндіру бағытында ой қозғап, медиациялық орта қалыптастыру үшін арнайы ақсақалдарға орын-жай белгілеп беруін өтінді. Ұсыныстар бақылауға алынды.Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы жұмыс істегісі келетін жастар былтырғыдан 30 % — ға артқан. Кәмелетке толмағандардың өзі еңбектенуге ниетті.

Қалада аталған еңбек топтарының жұмысы басталды.Енді жастар жаз бойы қаланы абаттандыруға ат салысып, жасыл қаланың экологиясын жақсартуға үлес қосады.
Маусым айынан бастап кезекті еңбекті 30-ға жуық жас бастады. Жалпы үш айға 90 жасты еңбекке тарту жоспарланған.

Әр айда кезегімен жұмыс жасайтын болады. Қазіргі таңда, 16-34 жас аралығындағы оқушы, студент және жұмыссыз жастар қаланы көгалдандыру жұмыстарына үн қосуда.

Алдыңғы пост

ПІСТЕЛІДЕ ПАРАСАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Келесі жаңалық

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі