Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЛАГЕРЬ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУІ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ЛАГЕРЬ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ГИГИЕНАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫ МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТУІ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаз айлары — мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Оқу жылында әр бір тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Сондықтан балалардың ағзасын сауықтыруға, эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытумен қатар бала денсаулығымен өміріне қауіпсіз жағдай жасау үшін ересектердің күшін жұмылдырып біріктіру өте маңызды. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Искаков атап өтті.
– Балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық-техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығы, жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған іс-шараларының орындалуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының талаптарындағы санитариялық қағидалары негізінде жүргізіледі, — дейді департамент басшысының орынбасары Асқар Искаков.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.
Өз кезегінде санитарлық қызмет тарапынан жазғы сауықтыру маусымына дайындық кезеңі, яғни балалардың толық құнды, құнарлы және қауіпсіз тамақтануы, дене тәрбиесі мен олардың шынығуына жағдай жасалынуымен қатар лагерь қызметкерлерінің гигиеналық дайындықтары мен алдын ала медициналық тексеруден өтуі де бақылауға алынып, қатаң қадағаланады.

Алдыңғы пост

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ СУ ЖИНАУ ҒИМАРАТЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Келесі жаңалық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі