Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ БАР ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

6 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ БАР ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы және Ақжол ауылдарына табиғи газ берілді.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәлет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей арнайы келіп, құттықтау сөз сөйледі. Өз кезегінде тұрғындар көгілдір отынды ұзақ күткендерін айтып, игі істі қолға алған азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Бейсен ауылына газ тарту жұмыстары 2020 жылы басталып, жалпы ұзындығы 7 шақырымнан асатын құбыр тартылған. Қазіргі таңда ауылда 363 адам тұрып жатыр. 51 абонент бар. Мыңға жуық тұрғыны бар Мақташы ауылындағы газ тарту жұмыстары 2021 жылы басталған. Он шақырымнан астам құбыр жүргізіліп, бүгінде 174 абонент үйлеріне газ тарту шаруасына кіріскен.

Ақжол ауылында 748 адам тұрып жатыр. 124 абонент бар. Ауылға тартылған газ құбырының ұзақтыңы 9 шақырымға жуықтайды. Жалпы, аудандағы 57 елді мекеннің 22-сі табиғи газбен қамтылып отыр. Қараспан ауылын маусым айының ішінде қосу жоспарлануда. Қыркүйек-қазан айларында тағы 10 елді мекенге газ тарту жұмыстарын аяқтау көзделуде.

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен ауданда орналасқан білім ошақтарында демеушілер тарапынан жаңа 20 дана жиналмалы бассейндер орнатылуда. Тың жобаның негізгі мақсаты – бала қауіпсіздігін сақтай отырып, жазғы демалыста оқушылардың уақытын тиімді пайдалану. Ағын су қауіпінен болатын оқыс оқиғалардың алдын алып, бала өміріне араша түсу.

Жазғы маусымда оқушылар көп уақытын сыртта өткізеді. Әйтсе де көптеген қайғылы оқиға да сыртта, оның ішінде су айдындарында орын алып жатады. Сондықтан аудан басшысы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Биыл Сауран ауданында 23 364 оқушының жазғы демалысы басталады. Оның 1451-і 11-сынып түлегі. Бастауыш сынып оқитын жастар үшін мектеп жанындағы лагерлер 3 ауысымда жұмыс істейді. Онда 9666 бала қамтылды. Қазіргі таңда 1 ауысым жұмысына 3150 бала баруда. Мыңнан астам оқушылар қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Сонымен қатар, ауыл мектептерінен 150 оқушы «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен демалады. 1 маусым күні 50 бала аталмыш қор арқылы сауықтыру лагерлеріне барады.

Алдыңғы пост

Келесі жаңалық

8 МЫҢНАН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі