Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі балалар жазғы демалысқа жолдама алды

5 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
Тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі балалар жазғы демалысқа жолдама алды
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

27 маусымда «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызы жолға шығады. 12 күн ішінде балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр аймақтарындағы танымал мәдени-тарихи орындарға барады. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылатын әлеуметтік жоба екі маусымда өтіп, әр кезеңде 10-15 жас аралығындағы 200 баладан қамтитын болады.

«Балалар саяхат пойызындағы сапардан көкжиегі кеңейіп, жаңа достар табады, келесі оқу жылына күш-қуат жинап қайтады деген сенімдеміз. Оның үстіне биыл су басқан аймақтарға басымдық беріп отырмыз. Қандай жағдай болмасын, біздің міндет – бақытты балалық шақты қамтамасыз ету», — дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
Биыл су тасқыны болған өңірлерге басымдық беріліп, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасылардағы 200 бала қамтылады.

Сондай-ақ, Қордағы компаниялар тобының шалғай аудандардағы еншілес кәсіпорындары өндірістік кәсіп қызметкерлерінің көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 200 баласы жобаға қатысады. Барлығы 400 бала Қордың портфельдік компаниялары және тасқын судан зардап шеккен өңірлердегі әкімдіктер ұсынған тізімдер бойынша еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттайды. Саяхаттағы демалыстан басқа, жол бойы мектеп оқушыларымен тәлімгерлер мен педагогтер жұмыс істеп, қызығушылықтары бойынша үйірмелер, зияткерлік және спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Екінші маусым 24 шілдеде басталып, жас саяхатшылар бірінші кезеңдегідей бағдарда Қазақстанды аралап, ой-өрісін ұзартады, жазғы каникулын әсерлі де пайдалы өткізуге мүмкіндік алады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА 900-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕНІҢ ТАЗАЛЫҒЫ КҮНДЕЛІКТІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ҚҰЛПЫНАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі