Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

КЕНТАУЛЫҚТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ ӘНҰРАНДЫ ЖАНДЫ ДАУЫСТА ОРЫНДАДЫ

5 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
КЕНТАУЛЫҚТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ ӘНҰРАНДЫ ЖАНДЫ ДАУЫСТА ОРЫНДАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

4-маусым еліміз үшін айрықша мереке — ҚР Рәміздер күні. Осы күнді кентаулықтар қаладағы Рәміздер алаңына жиналып әрұранды жанды дауыста шарықтата орындады. Мерекелік шараға қала әкімі Жандос Тасов, қалалық маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, спортшылар, ұстаздар мен оқушылар, қала жастары қатысты.
«Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Отанды, туған жерді сүю Мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Еліміздің Әнұраны әлемдік олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларының құрметіне талай рет шырқалып, рух беріп келеді. Әлі де шырқала беретініне сенімдімін. Мемлекеттік рәміздеріміз алғашқы қазақстандық ғарышкерлермен бірге ғарышта да болып қайтты. Осының бәрі тарих. Осы мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің мәңгілік екенін айшықтайды» деген қала әкімі барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Аға буын өкілдері рәміздердің маңыздылығы туралы ой қозғаса, қаланың белсенді жастары мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, құндылықтарды құрметтеу жөнінде ұран тастады.
Мектеп оқушылары тәуелсіздіктің қасиетті, біріктіруші бейнесін танытатын Рәміздер жайында жыр-шумақтарын орындап, Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанға арналған әсем әуендер шырқалды. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге шақырған іс-шара кентаулықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елдің патриоты болу, отаншылдық дәріптелді. Осы кезде Астана қаласындағы «Aspan» спорт кешенінде Асық ату спортынан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жекелей және командалық чемпионаты өтті. Додаға еліміздің 17 өңірінен келген 132 спортшы қатысты.
Төрт күнге созылған байрақты бәсекеде ұлдар арасында Түркістан облысының ұландары ел чемпионы атанды. Екінші орынды Алматы облысы алса, үшінші орынға Қызылорда облысының командасы жайғасты. Ал қыздар арасында Қызылорда облысының құрамасы 1-орын алса, жүлделі 2-орынға Түркістан облысынан келген команда ие болды. Атыраулық бұрымдылар 3-орынды иемденді.
Сайыстың марапаттау рәсіміне ҚР Асық ату федерациясының атқарушы директоры Азамат Манапов, Асық ату спортының негізін қалаушы Жомарт Сабыржанұлы, Асық атудан мемлекеттік жаттықтырушы Жомарт Оразов, ұлттық спорт жанашыры Серік Халеловтер қатысып, жүлделерді табыс етті.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ БІЛІМ ОШАҒЫ ЕЛІМІЗДІҢ 100 ҮЗДІК МЕКТЕБІНІҢ ҚАТАРЫНДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі