Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 35 МЫҢ ОҚУШЫ АҚЫСЫЗ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА БАРАДЫ

4 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 35 МЫҢ ОҚУШЫ АҚЫСЫЗ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА БАРАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл Түркістан облысында 35 мың бала ақысыз демалыс орындарына барады. Бұл тізімде әлеуметтік осал топтағы бүлдіршіндер мен аз қамтылған отбасылардың балалары бар. Оның ішінде, Түркістан қаласындағы 1 500-ге жуық оқушы демалыстарын арнайы бассейндерде өткізеді. Бұл мақсатта Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық білімі бөлімі шаһардағы 7 нысанмен меморандум жасаған.
Облыстағы 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны — 467 766. Оларға жаз мезгілінде 31 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Бүгінде Түлкібас, Төлеби, Мақтаарал, Сайрам аудандарындағы 10 лагерь өз жұмысын бастап кеткен. Оларға жалпы саны 2 464 бала 1 ауысымға қабылданған. Барлық маусымдық жазғы сауықтыру лагерьлерінің ашылуы маусым айына жоспарланған. Маусым айының 10-на дейін 15 жазғы сауықтыру лагері ашылады деп күтілуде.
Жаз айлары — мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Оқу жылында әр бір тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Сондықтан балалардың ағзасын сауықтыруға, эмоциалық, жеке тұлғалық, танымдық тұрғыда дамытумен қатар бала денсаулығымен өміріне қауіпсіз жағдай жасау үшін ересектердің күшін жұмылдырып біріктіру өте маңызды. Бұл туралы Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Искаков атап өтті.
– Балаларды сауықтыруға арналған жазғы демалыс мекемелерінің жұмысын бастамас бұрын олардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуі тиіс. Ол үшін материалдық-техникалық базаны дайындау, сумен қамту, кәріз жүйелерін жақсарту, технологиялық және мұздатқыш қондырғыларының дұрыстығы, жұқпалы ішек аурулары мен тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған іс-шараларының орындалуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі бұйрығының талаптарындағы санитариялық қағидалары негізінде жүргізіледі, — дейді департамент басшысының орынбасары Асқар Искаков.
Айта кетейік, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35482 оқушы бюджет есебінен тегін демалса, 20 мыңға жуық оқушы ата-аналар есебінен ақылы демалады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыста 3421 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылады.

Алдыңғы пост

«ЖЕР-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ- ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Келесі жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ҚҰЛШЫНЫСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАЖЕТ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі