Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

САРЫАҒАН АУДАНЫ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ БОЙЫНША «ЖЫЛ ПАТРИОТЫ» АТАНДЫ

4 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
САРЫАҒАН АУДАНЫ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ БОЙЫНША  «ЖЫЛ ПАТРИОТЫ» АТАНДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күні ауданда кең көлемде тойланды. Салтанатты шарада еліміздің атын әлемге танымал етіп жүрген патриот өнерпаздарымыз «Саялы Сарыағаш» этно -фольклорлық ансамблінің жетекшісі Сәрсенбай Ахметовты аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, облыс орталығы Түркістанда 4-маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күнініне орай өткен «Патриоттар форумында» «Саялы Сарыағаш» этно- фольклорлық ансамблінің жетекшісі Сәрсенбай Ахметов «Патриоттар» форумының мәдениет саласы аталымы бойынша «Жыл патриоты» атанды .
Айта кетсек, «Саялы Сарыағаш» этно- фольклорлық ансамблі Қазақстан Республикасының атынан Беларусь Республикасында өтетін ХХХIV Халықаралық Ұлттық музыка фестивалінде ағымдағы жылдың 7-9 маусым күндері өнер көрсетеді.
«Саялы Сарыағаш» ұлт – аспаптар ансамблі 1996 жылы құрылған. Ансамбльдің репертуарында 40-тан астам шығарма бар. Ойналатын аспаптары: сыбызғы, саз сырнай, сырнай, қобыз, домбыра, шертер, бас- домбыра, шаңқобыз, асатаяқ, дауылпаз, жетіген, нар қобыз, мүйіз сырнай т.б. бар. Заман талабына сәйкес «Саялы Сарыағаш» ұлт аспаптар ансамблі этно-фольклорлық ансамбль болып, халық арасында ұлттық өнердің нәрімен сусындатып, дәстүрлі өнерді насихаттауда өз үлестерін қосып келеді.
Қазақстандық патриотизмді дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимнге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру мақсатындағы шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов қатысып, елдігімізді айшықтайтын Рәміздерге құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты шара одан әрі аудан жастарының мерекелік автошеруіне ұласты. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятып, патриотизмге үндеп, батылдыққа тәрбиелеген автошеруде ақ тұлпарды тізгіндеген «Алтын адам» көк туымызды көкке көтеріп, орталық көшелермен жүріп өтті.
Шәуілдір ауылындағы «Әл Фараби» орталық алаңына келіп тоқтаған «Алтын адам» көк туды ересектер арасында Белбеу күресінен әлем кубогы мен әлем чемпионатының қола жүлдегері Жолдасбек Бектұрсыновқа табыстады. Әлем чемпионы көк байрағымызды көкке көтеріп аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжановқа табыстады.
Азат елдің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы екенін айтқан ол еліміздің Мемлекеттік көк байрағы биікте желбіреп, мәртебесі арта беруіне тілектестігін жеткізді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ӘНҰРАН ШЫРҚАЛЫП, ТУ КӨТЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі