Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ОТАНШЫЛ ТҮЛЕКТЕРІ АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР» АЛАҢЫ МЕН ТУТҰҒЫРЛАР ТАРТУ ЕТІП ЖАТЫР

4 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ОТАНШЫЛ ТҮЛЕКТЕРІ АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР» АЛАҢЫ МЕН ТУТҰҒЫРЛАР ТАРТУ ЕТІП ЖАТЫР
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні болып аталып өтеді. Осынау айтулы күні егемендіктің нышаны болған рәміздер насихаталады. Жастарды патриоттыққа баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Түркістан облысының аудан, қалаларында ерекше үрдіс қалыптасып келеді. Мектепті 20-30 жыл бұрын бітірген түлектер туған ауылдарына «Рәміздер» алаңы мен Тутұғыр салып беруде. Бұл жөнінде Мемлекеттік рәміздер күнінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы тоқталып, өңірдің отаншыл азаматтарына ризашылығын білдірді.
Былтыр Созақ ауданындағы түлектердің осындай тартуы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. «Созақ» мектеп гимназиясын 20 жыл бұрын бітірген түлектер ауылға кіре-берістегі саябақ алдына «Рәміздер» алаңын салып берді. 23 метр биіктікке Мемлекеттік Ту орнатылды және Елтаңба мен Қазақстан картасы бейнеленіп, Әнұран мен ауыл тарихы жазылған үлкен белгі қойылды. Аллея аумағы абаттандырылып, шырша егілді. Сонымен қатар Отырар ауданының екі бірдей ауылында да игі бастама іске асқан. Атап айтқанда, Балтакөл және Маяқұм ауылдарының мектепті 20, 30 жыл бұрын бітірген түлектері өз қаражатына «Рәміздер» алаңын салып берген болатын. Жақсы үрдіс биыл да жалғасын тауып, Сауран ауданындағы мектеп түлектері ауыл тұрғындарын ерекше сезімге бөлеп, 2 Тутұғыр салып берді.
Бүгінде жалпы өңірдегі Тутуғыр саны 26-ға жетті. Биыл Мақтаарал ауданында демеушілердің қолдауымен тағы да 1 «Рәміздер» алаңы бой көтеріледі деп жоспарлануда. Мұндай игі істің елдікке шақыруға, өскелең ұрпаққа рухты тәрбие беруге ықпалы зор. Өйткені алдағы уақытта мұнда патриоттық, рухани-мәдени іс-шаралар өткізіледі. Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын, тұрғындарды мерекемен құттытап, ел игілігі жолындағы еңбегімен дараланған түрлі сала мамандарына Алғыс хат табыс етті.
Ашық аспан аясында өткен мерекелік басқосуда Тәуелсіз мемлекетіміздің Көк байрағы биікке көтеріп, Әнұран шырқалды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілерге құрмет көрсетілді.
Мерекеге орай, рәміздер керуенін жолға шығарып салып, аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ақ батасын беріп, әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін деген тілегін жеткізді.
Айта кетейік, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 24 жылдан бері атап өтіп келеді. Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ӘНҰРАН ШЫРҚАЛЫП, ТУ КӨТЕРІЛДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі