Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

11 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖӨНІНДЕГІ МАҢЫЗДЫ КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Оңтүстік Корея мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астана қаласында Кореяның Вусонг білім беру қорының төрағасы Ким Джон Хёнмен арнайы кездесіп, келіссөз жүргізді. Білім беру бағытында қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кездесуде Түркістан қаласында ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстандық WOOSONG университетін құру туралы алдын ала келісім барысы талқыланды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде көптеп ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады. Жаңа білім ордасының инновациялар мен озық технологиялар орталығына айналары анық.
— Сіздің сапарыңыз мемлекеттеріміз арасындағы білім беру ынтымақтастығын тереңдету жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Бүгінгі кездесу Түркістан қаласында Ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстандық WOOSONG университетін құру туралы алдын ала келісімді талқылауға және қол қоюға арналған. Бұл біздің облысымызға ғана емес, бүкіл Қазақстанға үлкен пайда әкелетін маңызды жоба екендігіне сенімдіміз. Woosong қорының ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибесі мен біліктілігі біздің білім беру жүйесінің дамуына баға жетпес үлес болады. Біз студенттеріміз бен оқытушыларымыздың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін заманауи білім мен технологияларғақол жеткізуін қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біздің басты мақсаттарымыздың бірі — адами капиталды дамыту. Бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және студенттер мен оқытушылар алмасуы ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдайлар жасайтынына сенімдіміз,- деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Жаңа білім ордасын ашу жобасының Түркістан өңірінің дамуындағы маңызды қадам болмақ. Бұл инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етері анық.
Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын. Жоғары оқу орнын ашу туралы келісімге 2024 жылдың ақпан айының басында Вусон университеті делегациясының Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілді.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50-ГЕ ЖУЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Келесі жаңалық

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ТҮРКІСТАН БАРЫСЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі