Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

13 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауылдық округі, Берген Исаханов ауылындағы көше қиылысына шаңырақ іспеттес нысанның құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мердігер мекеме тарапынан атқарылуда. Қақпаның құрылысы маусым айында аяқталып, ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, ол жерде балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар мен жарықшамдар орнатылуда.
Айта кетсек, ауыл атауы Кеңес Одағының батыры Берген Исахановтың құрметіне аталған. Бүгінде ауылда 300-ден астам отбасы тұрады. Ауылға табиғи газ жыл басында беріліп, 80 отбасы қамтылған. Ал ауыз суға 249 абонент қосылған. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Urker» жазғы сауықтыру лагері іске қосылды. Демалыс аймағының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов арнайы қатысты.
«Жазғы демалыста лагерьдің іске қосылғаны — балаларымыз үшін қуанышты хабар. Енді балаларымыз жазғы уақыттарын ата-анасынан жырақта емес, жақын маңайдағы табиғаты керемет аймақта өткізетін болады. Демалып қана қоймай, денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алмақ. Осындай игі істі қолға алған азаматтарға алғысымыз шексіз» — деді қала әкімінің орынбасары.
Аталған жазғы сауықтыру лагерінде 450 бала 3 ай бойы тынығады. Онда жоспар бойынша балаларға қызықты іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Лагерь аумағында бассейн, түрлі спорт алаңдары орнатылған. Лагерьдің жалпы аумағы — 20 гектар. Алдағы уақытта қосымша тағы 300 балаға арналған ғимарат бой көтермек. Одан бөлек, демалыс аймағы, гольф алаңы, үлкен бассейн, ипподром, этноауыл және үлкен теннис алаңы салынбақ. Түркістан облысындағы аудан, қала тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасуда. Кентау қаласында қала тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында 2 үйдің құрылысы басталды. Аталған нысанның құрылысы қаладағы Ш.Уәлиханов көшесінде жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме – «Сами Строим» ЖШС. Көпқабатты тұрғын үйлер жеке инвестор есебінен салынуда.
Тұрғын үйлер 3 қабатты 30 пәтерлі. Жалпы пәтер көлемі 858,0 шаршы метрді құрайды. Екі тұрғын үй кешенінде 30 пәтерден болады. Оның ішінде, 2 бөлмелі 12 пәтер және 3 бөлмелі 13 пәтер бар.
Қазіргі таңда қазандықты қазу жұмыстары басталды. Тұрғын үйлерді 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Тұрғын үйлер стандарттарға сай бой көтеріп, аулалары балалар ойын алаңшасымен және көлік тұрағымен қамтылады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОМЕДИАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі