Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АУДАН БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

13 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
АУДАН БАСШЫСЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  МУЗЫКА ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН  АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Беларусия Республикасы, Паставы қаласында XXXIV «Звіняць цымбалы і гармонік» халықаралық фестивалінен бірдей бас жүлдемен оралған «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамбль мүшелерін арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.
— Беларусия Республикасында өткен халықаралық музыка фестивалінде үш дүркін жеңімпаз атанып, еліміздің мерейін асқаттандырдыңыздар, біз үшін үлкен мәртебе! Ұлттық музыкамызды жаңғыртып, өркендетіп, фольклорлық өнеріміздің дамуына қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Болашақта ұлттық өнерді жас ұрпаққа дәріптеп, биік шыңнан көрсетіп, ұмыт бола бастаған көне музыкалық аспаптардың үнін халыққа паш етеді деп сенемін. Абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын,- деп аудан басшысы Арман Абдуллаев құттықтау сөздерін айтып,алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А. Қозыбаев Беларусия Республикасы, Паставы қаласының әкімінің арнайы алғыс хатын аудан басшысына табыстады.
Ауданымыздың өнерпаздарын аудандық мәслихаттың төрағасы С. Тасқұлов арнайы құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Айта кетсек, Беларусия Республикасы, Паставы қаласында XXXIV Халықаралық «Звіняць цымбалы і гармонік» фестивалі өтті. Ұлттық аспаптарды дәріптеуге бағытталған байқау 34-ші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы өнер сайысына бірнеше мемлекеттен 12 топ қатысып, бақ сынады.аудандық мәдениет үйінің «Саялы Сарыағаш» этно- фольклорлық ансамблі де аталған «Ұлттық аспаптар әуені» фестиваліне қатысып, үш бағыт бойынша да үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, ұлт аспаптар номинациясы бойынша «Саялы Сарыағаш» жүлделі I орынды иемденді. Ал жеке аспапта орындау номинациясы бойынша ансамблдің домбырашысы Ернар Тұрлыбеков I орын, дуэт, трио номинациясы бойынша ансамбль жетекшісі Сәрсен Ахметов, домбырашылар Ернар Тұрлыбеков, Қанат Шекербеков I орынды иеленді. Осылайша үш дүркін жеңімпаз атанып, еліміздің мерейін асқақтатты.

Алдыңғы пост

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ 138 БАЛЛ ЖИНАҒАН ТҮЛЕКТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫН АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫДАН «МИЛЛИОНЕР» АТАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі