Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АРЫС ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

13 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АРЫС ЖАҒАЛАУЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны жарияланып, тазалық жүргізуді бір реттік науқан емес, қоғамның күнделікті өмір салтына айналуын ұйымдастыру міндеті белгіленді. Аталған тапсырманы нақтылы іске асыруда «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын жариялады. Әр аптаның бейсенбі күндері өтетін тазалық жұмыстарына түрлі деңгейдегі мәслихаттардағы партияның фракция мүшелері, өңірлік, аудандық, қалалық партия филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, қатардағы партияластар қатысып, ең ластанған аймақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын атқарып келеді.
Тұрақты негізде, апта сайын ұйымдастырылатын акцияның өтетін аймақтары алдын-ала белгіленіп, әр науқанға кемі 100 адамнан қатыстырып, қоғамдастықтың экологиялық санасын қалыптастыруға, туған жердің табиғатын аялап, күтіп-ұстау мәдениетін көтеруге басымдық берілді. Түркістан облысы бойынша, партияның ұйытқы болуымен «Таза бейсенбі» акциясы өтетін 242 нүкте белгіленді. Бұл аймақтар аудан, қалалардағы ең көп ластанған нүктелер санатына жатады.
Өткен аптаның бейсенбісінде акцияның бірінші науқаны аясында партияның өңірлік филиалының қызметкерлері Түркістан қалалық партия филиалымен және Түркістан қалалық мәлихатындағы партиялық фракция депутаттарымен бірлесе Түркістан қаласындағы магистралды темір жолдың бойын экологиялық тазарту акциясына қытысты. Аманаттық өкілдер бей-берекет шашылған қоқысты жинап, аймақтың таза кейіпін қалпына келтіруге жәрдемін көрсетті. Айналада тұратын тұрғындарға қазақ руханиятының алтын бесігі болған шаһарды күтіп-ұстау бүкіл түркістандықтар бірлесе атқаратын абыройлы міндет екені түсіндіріліп, жасырын келіп осы аумаққа күл-қоқыс төгетін көліктерді байқайтын болса, лезде учаскелік полиция инспекторына хабар беру керектігі ескертілді.
Акцияның осы аптадағы науқаны барысында Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылы тұсындағы Арыс өзені бойында санитарлық тазалықты қамту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 200-ден астам азаматтың басын қосқан науқанға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облыстық мәслихатына Ордабасы ауданынан сайланған депутат Ғани Райымбеков, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев қатысып, көрікті келбеті бар өлкенің тазалығын сақтауға үлестерін қосты.
Айта кету керек, аманаттық өкілдер тазалық жүргізген аумақ қарқынды көлік ағыны өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойындағы Арыс өзені үстінен өтетін өткелдің тұсында орналасқан. Аптап ыстықта өзен жағалауына түсіп, тал-теректің қою көлеңкесінде бір сәт аялдап, демалатын жолаушылардың саны көп. Өкініштісі, арнайы қоқыс жәшіктері орнатылған болсада, әр талдың түбіне босаған шөлмектерін лақтырып, қалдықтарын шашып кететін замандастарымыздың қатары азаяр емес.
«AMANAT» партиясы осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді маңызды міндет деп белгілейді және барша отандастарымызды бүгін мен болашаққа арналған игі істі қолдауға шақырады.

Алдыңғы пост

КЕНТАУДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕНКЕСІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

АУДАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі