Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 897 АЗАМАТҚА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

18 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 897 АЗАМАТҚА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде жаңа бизнес жобаларды қолдауға бағытталған қайтарымсыз грант беру бойынша комиссия отырыстары ұйымдастырылды. Биыл грант беру жұмыстары 2 лек бойынша жүзеге асады. Атап айтқанда, бірінші лек өтінімдері мамыр айында қабылданса, екінші лек шілденің 15-26 күндері қабылданады деп күтілуде. Осыған орай, бірінші лек қатысушыларына маусым айының 5-7 күндері 400 АЕК-ке дейінгі қайтарымсыз грант беруге арналған комиссия отырыстары өтті.
2024 жылы Түркістан облысында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 грант беру жоспарланған.
Ашық форматта өткен комиссия отырысы аудан, қала көлемінде Мансап орталықтарының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы көрсетілді.
Жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған жобаға облыс көлемінде 1-лек бойынша 2 471 азамат өтінім білдірген. Бизнес-жобаларын қорғауға 2 097 азамат қатысты. Нәтижесінде биылғы жоспарға сәйкес 897 азаматтың бизнес-жобасы мақұлданды. Ал қалған 374 азамат белгісіз себептермен комиссия отырысына қатыса алмаған.
Әлеуметтік осал топ азаматтарының бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында берілетін қайтарымсыз грант алуға өтінімдер қабылдау электронды түрде жүргізіледі. Бұл қолдауға еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдар, қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатын отбасылар тарапынан өтінімдер түскен.
Айта кетейік, грант алуға өтінім білдірушілер жұмыссыз ретінде тіркелген яки тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы керек. Оған қоса үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы негізінде кәсіпкерлікке оқығаны туралы арнайы сертификаты болуы шарт.
Комиссия отырысында бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне өкілдер тарапынан баса назар аударылды. Нәтижесінде комиссияның шешімімен оң қорытынды алған бизнес-жобалардың 271-і өндіріс саласына қатысты, 227-і ауыл шаруашылығы саласы, 298-і қызмет көрсету, 91-і тамақ өндірісі, 10-ы құрылыс заттарын өндіруге бағытталған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ ЖАНДАНА ТҮСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі