Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

18 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «БАЛДӘУРЕН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс аумағында балалардың жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында жазғы лагерьлер қызмет көрсетуде. Осы орайда, Сарыағашта тағы бір жазғы лагерь балалар үшін есігін айқара ашты.
«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің маусымдық ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев балаларға жазғы демалысты қызықты өткізуіне тіліктестігін білдірді.
– «Балдаурен» балаларды сауықтыру орталығының маусымдық ашылуы құтты болсын! Балалар – біздің болашағымыз, ертеңіміз. Елдігіміздің тірегі де осы жастардың арасында өсіп келеді. Біз, ең алдымен, бүлдіршіндердің балалық шағының бақытты өтуіне мүмкіндік жасауымыз керек. Қадірлі балалар! Сендердің жақсы білім алып, жақсы демалыс өткізулерің үшін барлық жағдай жасап жатырмыз. Сендер тек мектепте озат қана емес, ата-аналарыңның, елдің мақтанышы болуларың керек. Мен сендерге сенемін! Жақсы демалыс болсын! – деді аудан басшысы.
Салтанатты шара еліміздің Әнұранымен басталды. Балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Айта кетейік, аудан бойынша жазғы лагерьлерге 2100-ға жуық балаға жолдама беру жоспарлануда. Оның ішінде, аз қамтамасыз етілген отбасынан 1160, көпбалалы отбасынан 800, тұл жетім – 40, жартылай жетім – 50, үздік 150 оқушы бар. Жазғы маусымдық демалу ұзақтығы – 10 күн. 11 маусымынан бастап 23 тамызға дейін 7 ауысымды демалыс жоспарлануда. Аталған орталықта балалар іс-шара жоспарына сәйкес демалады. Таңертең таңғы жаттығудан басталып, күні бойы түрлі үйірмелер, байқаулар, спорттық жарыстар, ойындар мен би кештері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, демалушылар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.
Ал Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Отырар өнері және саз» мектебінің теңгеріміндегі «Отырар» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады. Лагерь жұмысын ұйымдастырудағы басты мақсат жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілетін дамыту, білім алу құндылықтарын арттыру және бас қызығушылықтарын қанағаттандыру болып табылады.
Лагердің ашылу салтанатында еліміздің Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, оқушылар сап түзеп құрмет көрсетті. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов балаларды жазғы демалыс күндерімен құттықтап, лагерь жұмысына сәттілік тіледі.

Алдыңғы пост

БАЯНАУЫЛДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖҮЛДЕЛІ I ОРЫНДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ИНДИКАТОРЛАР ӘЗІРЛЕНЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі