Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОСЫМША 70 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АУМАҚТА ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

18 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОСЫМША 70 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ АУМАҚТА ХИМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан келісілген шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүргізілді. Қауіп сейіліп, жағдай тұрақтанды. Егістікті шегірткеден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Қауіп толық сейілгенше жұмыстарды тоқтатпауды жүктеді.
Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін қосымша техника тартылды.
Арнайы топ мүшелері зиянкестерден келетін қауіп толық сейілгенше залалсыздандыру шаралары қолға алынған және көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда жүргізілген жұмыстарды бақылауда.
Залалсыздандырудың биыл ерте басталуынан ауыл шаруашылығындағы үлкен шығындарға жол берілмеді. Облыста жалпы өңдеу жұмыстары сәуір айының басында басталып, химиялық өңдеу жұмыстарына 100 дана жер үсті техникасы және 6 ұшақ жұмылдырылды. Фитосанитариялық шаралардың жүргізілуіне 40 инспектор, өзге облыстардан 3 маман, болжам орталығынан 79 маман және аудан, қала әкімдіктерінен қосымша 245 анықтаушы қатысты.
Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылды. Сала мамандарының айтуынша, биыл шегірткенің таралуы ауа райының салқын, жаңбырлы, желді болуына байланысты созылды.
Айта кетейік, еліміз бойынша өңдеу жұмыстарына 2,5 мыңнан астам маман, 400-ден астам техника, 36 жеңіл әуе технкикасы, 36 ұшақ жұмылдырылды. Биыл алғаш рет техника жетуі қиын жерлердегі жұмысты жеңілдету үшін нақты нысандарды өңдеуге дрондар тартылды.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ИНДИКАТОРЛАР ӘЗІРЛЕНЕДІ

Келесі жаңалық

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі