Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «NEKE TOUR» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

22 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «NEKE TOUR» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауы басталды. Биыл екінші рет қатарынан ұйымдастырылған байқауға 100-ге жуық жұп өтінім жіберді. Байқауға ресми некедегі және өтініш берерде неке қию туралы куәлігі бар, жасы 18-ден асқан жұбайлар қатысты. Іріктелген 20 жұп «Шаңырақ», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» номинацияларымен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан түрлі сыйлықтарға ие болды.
Атап айтқанда, бас жүлде – «Шаңырақ» номинациясының иегері Түркістанға бару және қайту, қонақ үйде тұру, кешкі ас және фотосессия мен дәстүрге сай неке қиюға жолдама алды. Сонымен қатар өзге де номинацияға ие болған жұптар да белгіленген сый-сияпаттарға ие болды. Қатысушылар үшін киелі өңірде неке қиюдың барлық жөн-жоралғысы дайындалды.
Алғашқы күні қала имамдары жұптардың некесін қиып, отбасылық қадамдарына ашық жол тіледі. Халқымызда неке – қасиетті ұғым, беріктік шарты, отбасы құрудың негізі екенін алға тартып, отбасылық өмірде арадағы сыйластық, құрмет, адалдық қасиеттерін сақтаудың маңыздылығын айтты. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының бас директоры Серік Сандыбаев қатысушылардың Түркістанда неке қиюға деген белсенділігіне алғыс білдіріп, екі күн қатарынан жас жұбайларды қызықты мәдени және экскурсиялық бағдарлама күтіп тұрғанын айтты.
Жалпы еліміздің түкпір-түкпірінен рухани мекенде неке қиюға ниет білдірушілер қатары аз емес. «Neke tour» неке қию рәсіміне Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Кентау және Түркістан қаласы мен облысынан өтінімдер келіп түскен болатын. Өтінім берушілер, өмірлеріндегі ерекше күнде рухани мекенде неке қию – көптен ойлаған тілектері екенін айтты. Өйткені жұптар тек некесін қиып қана қоймай, Түркістан облысының көрікті жерлеріне саяхат жасап, маңызды күнді есте қаларлықтай етіп өткізеді. Атап айтқанда, іс-шараның екінші күнінде танымдық және экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар Арыстан баб және Гаухар ана кесенесі мен Отырар қалашығы, Отырар музейінің тарихымен танысады.
Аталған іс-шараны дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп, өңірдегі салт-дәстүрлерді ұмыт қалдырмай және оған бүкіл ел тұрғындарын қатыстыра отырып, маңыздылығын сақтап қалу жоспарланған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАДАҒАЛАНЫП, АЙМАҚТЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТА БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  
« Июл    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі