Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

22 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік қызметшілерге артылған жүк пен халық сенімі жоғары. Қоғам мен мемлекет арасындағы үлкен байланысқа дәнекер болып, оны жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер. Жыл сайын аталып өтілетін бұл мереке мемлекеттік қызметкерлердің мерейін өсіріп, қызметіне деген жауапкершілігін одан әрі арттыра түседі. Сондықтан да олардың мәртебесін көтеру үшін, мемлекеттік қызметшіні құрметтеу үшін аталып өтілетін бұл кәсіби мерекенің маңызы зор.
Осы даталы күн ауданымызда да аталып өтіп, шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы, подполковник Ермек Усербаев мемлекеттік қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтады.
— Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті — халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез-келген жағдайда әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік — экономикалық, қоғамдық — саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу — жауапты міндет,- деді Жансұлтан Әділжанұлы.
Шарада өз ісіне аса жауапкершілікпен қарап, қызмет барысында белсенділік танытқан мамандар аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хаттарымен марпатталды.
Жыл басында «Отырар спорт клубы» КММ-ның ұйымдастыруымен аудандағы мемлекеттік мекемелер арасында кіші футболдан «QYZMET CUP» біріншілігі бастау алған болатын. Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараға 300-ге жуық қызметкерлер қатысып, 20 команда бақтарын сынады. Тартысты ойында «Отырар спорт клубы» КММ — ІІІ орын, Отырар ауданы әкімінің аппараты – ІІ орын, Отырар аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі – І орын иегерлері атанды. Мерекелік жиында аталған жеңімпаз командалар марапатталып, медальдар табысталды.

Алдыңғы пост

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Келесі жаңалық

«ОТЫРАРДАҒЫ КЕРАМИКА ӨНДІРІСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі