Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІ АЛТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

22 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
АУДАН ӘКІМІ АЛТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров 2024 жылдың 5 айы бойынша атқарылған жұмыстарымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Майдантал, Жібек жолы, Бабайқорған, Жүйнек, Қарашық және Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты жалғасын тауып келеді. Аталған тапсырмаға сәйкес, жоғарыдағы ауылдық округінің тұрғындарымен кездескен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы және бұған дейінгі өткен кездесулерде ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша айтып өтті.
Аудан әкімінің баяндамасынан соң жоғарыда аталған ауылдық округтері әкімдерінің 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Аудан әкімінің мәлімдеуінше 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4 млрд. теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд. теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нақты 10,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыты 84,7% ауыл шаруашылығына, 10,2% өнеркәсіп саласына және 5,1%-ы құрылыс жұмыстарының үлесінде екенін жеткізді.
Аудан бойынша тұрғын үйдің кезегінде 1 379 адам тұр. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларды бірінші кезекте тұрғын үймен қамту мақсатында әкімшілік іскерлік орталығынан 24 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта қосымша көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілетінін атап өтті. Әр салаға жеке жеке тоқталған аудан әкімі барлық салада өсім бар екенін атап өтті. Соның ішінде құрылыс және коммуналдық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ағын су, тас арық салу, жайылым жер, тұрғын үйге жер беру, электр жарығының нашарлығын, ауылдарға трасформатор орнату, газ мәселесі, заңсыз салынған тұрғын үйлерді заңдастыру, жаңа мектеп салу, электр бағаналарын жаңарту, «Укаша ата» кесенесіне трансформатор қою, жарықтандыру, Серт елді мекенінің жол бойына аяқ жол (тротуар) салу мәселелерін көтерді. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Мақсат Асылбекұлы оның шешу жолдары бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Алдыңғы пост

«ОТЫРАРДАҒЫ КЕРАМИКА ӨНДІРІСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА IT САЛАСЫН ДАМЫТУҒА ДЕН ҚОЙЫЛҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі