Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫНЫҢ XXIV МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

27 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНЫНЫҢ XXIV МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрынының XXIV маусымы жабылды. Жақында ғана тұсауы кесілген драматург «Жалғыз желкен» қойылымы сахналанды. Спектакльді облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.
Әлдихан Қалдыбаевтың пьесасы негізінде сахналанған қойылым желісі басты кейіпкер – 49 жастағы облыс әкімнің айналасында өрбиді. Спектакльдің көркемдік идеясы – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл пьесаны театрдың қоюдағы мақсаты, сахна арқылы қоғамда кең тараған парақорлықты, жемқорлықты көрсету, яғни қоғамға рухани ой салу арқылы жемқорлықтың тамырына балта шабу. Өкінішке орай қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызда кең тараған. Ал театр әрқашанда қоғам ағымымен бірге ағып, қоғамда болып жатқан экономикалық немесе саяси, діни, әлеуметтік құбылыстарға өзіндік бағасын береді. Демек бұл спектакльдің сахнаға шығуы заңды құбылыс.
Драмалық спектакльді қоюға көптеген тәжірибелі мамандар атсалысты. Қойылымның жарық жөніндегі суретшісі – Жанболат Рсимбетов, қоюшы суретші – Қанат Шериев. Композиторы – Қанат Жұмабаев. Тәжірибелі маман, костюм жөніндегі суретші – Меруерт Сейсембекова. Гримм бойынша суретші – Қарлығаш Сапарханова.
Басты рөлдерде Жасұлан Тұрғанбаев, Бағлан Төлендиев, Мұрат Құрманбеков, Шәкен Амантұров, Айдар Наурызбаев, Рауан Шырынбеков, Талғат Қарынбаев, Бақдәулет Шаймахан, Қанат Садықбеков, Нұржан Ізтаев, Жандос Маханов, Ғалымжан Жакипов, Ерқайрат Бимурзаев, Ғалымжан Бейсенбаев, Олжас Сәрсенов, Дәурен Жанәділов сынды таланттар ойнайды.
Айта кетейік, облыс орталығындағы қара шаңыраққа айналған театр ұжымы мерейлі XXV маусымын қыркүйек айында ашады деп жоспарлануда.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТІ НАСИХАТТАҒАН «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі