Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АЙБОЛ САБЫРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

27 июня, 2024
in Басты жаңалықтар
0
АЙБОЛ САБЫРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласында Әлібек Айбол Сабырханұлын еске алуға арналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтті. Жарысқа Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан келген командалар өз бақтарын сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Гүлжан Құрманбекова сөз сөйлеп, ақпарат майталмандарын төл мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік қызметте жүріп, Арыс қаласының өркендеуіне өзіндік таңба қалдырған Айбол Сабырханұлы жайлы естелігімен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Айбол Сабырханұлы қалалық ішкі саясат бөлімін басқара жүріп, өзі туған өңірдің дамуы үшін бар күш-қайратын жұмсады. Қызметін жергілікті газетте бастаған ол мемлекеттік қызметте жемісті жұмыс атқарды. Білікті басшы қарапайымдылығымен, іскерлігімен, жоғары адамгершілік қабілеттерімен ел есінде мәңгіге сақталады. Мен осы сәтті пайдаланып, ел азаматын ардақтауға келіп отқан әріптестеріне, дос-жарандарына шынайы алғысымды айтамын.» — деді қала басшысы.
Сондай-ақ, Айбол Сабырханұлымен қызметтес болған ел ағалары мен ақпарат саласының ардагерлері, достары мен туыстары жүрек жарды лебіздерімен бөлісті.
Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жарыста 60-тан астам БАҚ саласының майталмандары спорттың тоғыз түрі бойынша сайысты. Атап айтқанда, журналисттер шағын футбол, дойбы, асық ату, үстел теннисі, арқан тарту, ләңгі, қол күресі, кір тасын көтеру және шахматтан кіл мықтыдан кіл мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысында «Түркістан» телеарнасының командасы жеңімпаз деп табылып, I орын биігінен көрінсе, «Тұран-БАҚ» газетінің құрамасы II орын, Ақпараттық Талдау орталығының мамандары III орынды жеңіп алды.
Барлық жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, жарыста әр спорт түрінен ерекшеленген жекелеген қаламгерлер де арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Жиын соңында Айбол Сабырханұлының дос-жарандары келген жұртшылыққа ас берді.
Айта кетейік, Айбол Сабырханұлы ата-анаға қайырымды ұл, ағайынға жанашыр жан, мейірімді әке, арқа сүйер азамат, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімін бірнеше жыл басқарған өз ісінің білікті маманы, мемлекеттік қызметте талай жыл тәжірибелі еңбек етті.
Ол 2019 жылы Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде, отбасынан жырақта жүріп. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жан аямай еңбек етіп, қызметін қалтқысыз атқару арқылы туған жер үшін тер төгудің қайталанбас үлгісін көрсете білді. 2020 жылғы пандемияда, 2021 қуаңшылық болған жылдары да батыстық ағайынға көмек ұсынып, Арыстың азаматтары артқан малға жем-шөпті жеткізуде бас қасында болды.
Арыс халқы рухы биік азаматын ешқашан ұмытпайды!

Алдыңғы пост

ОТЫРАР: БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «МӘСЛИХАТ 30 ЖЫЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі