Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

2 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында сұйытылған мұнай газ мәселесі тұрақты бақылауға алынған. Осы ретте, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен облыстағы сұйытылған мұнай газының жетіспеушілігіне қатысты кеңес өтті. Аталған жиынға газ таратушы ұйымдар, газ өндіруші зауыт, құқық қорғау органдарының және жауапты сала өкілдері қатысты.
Түркістан облысына сұйытылған газ Шымкент қаласындағы «PetroKazakhstanOilProducts» ЖШС зауытынан тасымалданады. Облыс бойынша газ жетіспеушілігі байқалған. Оның себептерінің бірі ретінде «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-нің жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тоқтауына байланысты екендігі айтылды. Мәселен, Шымкент қаласындағы «PetroKazakhstanOilProducts» ЖШС зауыты бұған дейін 4 облысты газбен қамтыса, қазіргі уақытта 8 облысты, яғни ШҚО, Абай, Жетысу, Алматы облыстарын қоса қамтып отыр.
Сонымен қатар, 25 маусым Түркістан облысы Түлкібас ауданы территориясында жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты Ақтөбе мұнай газынан келетін 2 000 тонна сұйытылған мұнай газын жеткізу кейінге шегерілген болатын. Тасымалдау жұмыстары осы жылдың 1 шілдесінен бастап жүргізілетін болады.
Жиын барысында Зұлпыхар Жолдасов газ өндіруші зауытқа жоспарға сәйкес өнім көлемімен қамтамасыз етуді, ал «Қазақстан Темір Жолы» ЖШС-не өндірілген газды тасымалдаушы ұйымдарға мезгілінде жеткізу бойынша шұғыл тапсырмалар жүктеді.
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің облыстағы департаменті газ сатылымын әдейі шектеп отырған фактілерді анықтау бойынша облыстағы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мониторинг жұмыстарын бастады.
Облыстағы газ мәселесін жедел шешу мақсатында 28 маусымда «Тенгизшевройл» ЖШС-нен қосымша 2000 тонна сұйытылған мұнай газы бөлініп, қазіргі таңда газ құю бекетіне жеткізілуде.
Сондай-ақ, 30 маусымнан бастап Шымкент қаласындағы «PetroKazakhstanOilProducts» ЖШС зауытынан шілде айына қаралған 10 512 тонна сұйытылған мұнай газды жеткізу басталды. Ал бүгін 432 тонна сұйытылған мұнай газ Түркістан облысына жеткізілуде.
Одан бөлек, ҚР Энергетика министрлігі тарапынан облысқа шілде айына қосымша 600 тонна газ көлемін бөлу жоспарланып отыр. Мәселе тұрақты бақылауда.

Алдыңғы пост

ФАО ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФЕРМЕРЛЕРДІ ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ МӨЛШЕРІН АЗАЙТЫП, «ТАЗА» ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫН ҮЙРЕТЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ III МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі