Qazaqstan24.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
qazaqstan24.kz
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫҢ САНЫН АЗАЙТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС КҮШЕЙТІЛЕ ТҮСТІ

4 июля, 2024
in Басты жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫҢ САНЫН АЗАЙТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС КҮШЕЙТІЛЕ ТҮСТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мемлекеттік жастар саясатын облыс көлемінде жүзеге асырылуы бойынша аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары басшыларымен мәжіліс өтті. Кездесу барысында биылғы жылдың 6 айда атқарылған және алда атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды
Облыс әкімінің орынбасары жастарды мемлекеттік бағдарламамен қамту, жас кәсіпкерлерді қолдау, «Кәсіптік бағдар беру» бойынша облыс жастарына насихаттау жұмыстарын жандандыру, «Серпін» бағдарламасын насихаттау, өңіріміздегі жастар саясатын дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
–Жастар – еліміздің болашағы. Ел ертеңі – жастардың қолында. Аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарында біршама жұмыстар атқарылды. Әсіресе, жұмыс жүргізу барысында басты басымдық жастарды жұмыспен қамту бағытына аударылды. Басты мақсат – жұмыссыз жастар санын азайту. Осы мақсатта өңірде кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарға қолдау күшейтіліп, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынуы керек. Алдағы уақытта NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдануы тиіс, – деді облыс әкімінің орынбасары Б. Тәжібаев.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев жұмыс есебі мен биыл атқарылатын жұмыстары туралы баяндады.
Оның мәлімдеуінше, Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30 пайызын құрайды. Облыстағы жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 40 863 жасты тарту жоспарланған болатын. Жастарды аталған мемлекеттік бағдарламалармен қамту және ақпараттандыру мақсатында аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 6 айда 10 008 жас тартылды. Қазіргі таңда, орталықтарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 169 918 жасқа кеңес берілді.
«Серпін» бағдарламасы бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері солтүстіктегі жоғарғы оқу орындарына арнайы іссапармен барып, бірқатар ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылды. Биыл «Серпін –2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын насихаттау мақсатында 6 университеттің өкілдері келіп, аудандарда мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді.
Одан бөлек «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұлттық жобасы аясында жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5% көлеміндегі несиені 621 жасқа беру жоспарланып отыр.
Биыл кәсіптік білім алуға ниетті бітіруші түлектерге мемлекет тарапынан орта арнаулы оқу орындарына 15 500 грант бөлінген болатын. Грантты игеру мақсатында білім басқармасымен меморандумға отырып, облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған мобильді топ 17 аудан, қаланы аралап, мемлекеттік грантты насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, осы жылы мемлекеттік жастар саясатын жүргізу мақсатында түрлі бағыттар бойынша жалпы 12 іс-шара жоспарланған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛЕНЕ ТҮСЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Qazaqstan24 ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87007999013
Почта: qazaqstan24@mail.ru

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде qazaqstan24.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

Qazaqstan24.kz ақпарат агенттігі